User Manual

Қaзақша | 95
Bosch Power Tools 1 609 92A 2AP | (14.3.16)
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 7 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 6 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 7 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Суыту және майлау үшін бұрғылау эмульсиясын немесе
суыту майын пайдаланып бұрғының қызып кетуіне немесе
қысылуына жол бермейсіз.
Бұрғылау диаметрі > 10 мм болса кіші бұрғылау
диаметрімен алдымен бұрғылаңыз. Осылай басуды
кішірейтіп, электр құралын аз жүктейсіз.
Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.
Керек-жарақ ретінде берілетін қысқыш аспапты бекем
бекітуге көмектеседі. Ол аспаптың бұралуына және
жарақаттарға жол бермейді.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығ
ыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
OBJ_BUCH-506-005.book Page 95 Monday, March 14, 2016 10:06 AM