User Manual

Қазақша | 235
Bosch Power Tools F 016 L81 408 | (18.11.15)
Ағашты кернеу астында арамен кесу
(J суретін қараңыз)
Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін,
бұтақтарды және ағаштарды арамен кесу
жұмыстары тек қана арнайы білімі және тәжірибесі
бар мамандар арқылы өткізілуі тиіс. Аса сақ
болуыңыз қажет. Жазатайым апаттардың қауібі
артады.
Ағаш өзіңіз тұрған жерде екі жағынан жатса, алдымен
жоғарыдан (Y) а
ғаш діңгегі бойы диаметрінің үштен бір
бөлігін арамен кесіңіз, одан кейін, ағаш уатылуы мен
ұшықтардың пайда болуы мен шынжырлы араның
қысылып қалуына жол бермеу үшін төменінен (Z) дәл сол
жерде ағаш діңгегін кесіп тастаңыз. Ара шынжыры жер
қыртыспен жанасып түрті
п кетуіне жол бермеңіз.
Ағаш тек қана бір жағыңыздан жатса, алдымен астынан (Y)
диаметрінің үштен бір бөлшегін жоғарыға қарай кесіп,
одан кейін, ағаш уатылуы мен ұшықтардың пайда болуы
мен шынжырлы араның қысылып қалуына жол бермеу
үшін жоғарыдан (Z) дәл сол жерде ағаш діңгегін кесіп
таста
ңыз.
Ағаштарды кесіп шабу (K суретін қараңыз)
Жоғарыдан түсіп жататын бұтақтарынан сақтану
үшін әрқашан қорғау шлемін киіп жүріңіз.
Шынжырлы арамен тек қана діңгек диаметрі
шапқы ұзындығынан аз болатын ағаштарды кесіп
шабуға болады.
Жұмыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.
Ағашты () кесіп шабу айналасында ешбір
адамдар немесе жануарлардың жоқ болуын
тексеріңіз.
Қысылып қалған ара шынжырын оны
ң
қозғалтқышы жүріп тұрғанда босатпаңыз.
Қысылып қалған ара шынжырын босату үшін ағаш
сынасын қолданыңыз.
Ағаш екі немесе бірнеше адамдар арқылы кесіліп
шабылғанда арамен кесіп тұрған және қиып тұрған
адамдар арасындағы аралық кесіліп шабылатын ағаштың
биіктігінен екі есе үлкенірек болу керек. Ағаштарды кесіп
шабу барысында басқа ада
мдарға ешбір қауіп
түспейтіндігіне, ешбір инженерлік коммуникациялық
жүйелерді түртіп бұзбауына және ешбір шығын
шықпайтынына назар аудара отырып әрекет етіңіз. Егер
жұмыс барысында бір ағаш инженерлік
коммуникациялық жүйелерінің бірімен жанасып қалған
жағдайда энерг қуатпен қамтамасыз ететін мекемені бұл
туралы дереу х
абардар ету қажет.
Арамен кесу жұмыстарын еңкіш жерлерді өткізгенде
шынжырлы араны қолданушы сол аймақта кесіліп
құлатылатын ағаштан жоғарырақ болған жерде тұруы
қажет, себебі ағаш, кесіп шабылғаннан кейін, жоғарыдан
төменге қарай домалап түсуі мүмкін.
Ағашты кесіп құлату алдынан алдымен қашу жолы ()
жобаланып, керек болса, босатылып қойылуы қажет.
Қашу жолы болжамдалған ағаш құлату жолынан бастап
қиғаш жүріп, төменге қарай бағытталуы тиіс.
Ағашты кесіп құлату алдынан ағаштың табиғи бейімділігін,
үлкенірек бұтақтардың орналасуы мен жел бағытына
назар аудару қажет.
Кір пен ласты, тастарды, бос қабықтарын, тікендер мен
шегелерді, тоғы
ндар мен сымдарды ағаштан алып тастау
керек.
Кертік жасау: Ағашты кесіп құлату бағытына қарай оң
жақтағы бұрышында арамен тереңдігі ағаш диаметрінің
1/3 сай болатын бір кертік (X–W) кесіп жасаңыз.
Алдымен төменгі көлденең кертігін жасаңыз. Бұл әрекет
арқасында ара шынжырының қысылып қалуына немесе
екі кертікті ж
асағанда бағыттап жүргіду шинасының
қысылып қалуына жол берілмейтін болады.
Арамен тілу кертігін жасау: Арамен тілу кертігін (Y)
көлденең кертік үстінен ең азында 50 мм биігірек
жасаңыз. Арамен тілу кертігін көлденең кертікке қатарлас
қылып жасаңыз. Арамен тілу кертігін топса ретінде
қолдана алынатын бір маңдайшы (кесіп құлаты
ж
аңыршағы) тұрып қалатындай ғана тереңдікте арамен
кесіңіз. Осы маңдайшы арқасында ағаштың айналып, қате
бағытта құлап түсуіне жол берілмейтін болады.
Маңдайшыны арамен бөліп кесіп жібермеңіз.
Арамен тілу кертігі маңдайшыға жақындағанда ағаш құлай
бастау керек. Ағаш өзіңіз қала
ған бағытта құламай немесе
артқа құлай бастағанын және ара шынжыры қысылып
қалғанын көргеніңізде арамен тілу кертігін жасау
жұмысын тоқтатып, кертікті ашу үшін және ағашты өзіңіз
қалаған құлау бағытқа әкелу үшін ағаштан, пластмассадан
немесе алюминийден жасалған сыналарын қолданыңыз.
Ағаш құлай бастағанда шы
нжырлы араны кертіктен
шығарып, оны бір жаққа қоя тұрып, қауіпті аймақтан
алдын ала жобаланған қашу жолы арқылы шығыңыз.
Жоғарыдан құлап жататын бұтақтарға назар аудара жүріп,
сүрініп қалмаңыз.
Енді сынаны (Z) көлденең кертікке енгізу арқылы ағашты
құлатыңыз.
Ағаш құлай баста
ғанда қауіпті аймақтан алдын ала
жобаланған қашу жолы арқылы шығыңыз. Жоғарыдан
құлап жататын бұтақтарға назар аудара жүріп, сүрініп
қалмаңыз.
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу (L суретін
қараңыз)
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу ұғымы шабылып құлатылған
ағаштан бұтақтарды арамен кесіп алуды білдіреді.
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу барысында ағашты тіреп
тұратын үлкенірек, төменге қарай бағытталған бұтақтар
кесілмей ағашта қалдырылады. Кішірек бұтақтарды
суретте көрсетілгендей бір кесу әрекеті арқылы кесіп
бөліп алыңыз.
Кернеу астында тұратын бұтақтарды, ара
шынжырының қысылып қалуын болдырмау үшін,
төменнен жоғарыға қарай арамен кесуіңіз лазым.
Ағаш діңгектерін бөренелерге бөліп кесуn
(M–P суреттерін қараңыз)
Бұл ұғым кесіліп құлатылған ағашты бөлшектерге бөлуді
білдіреді. Өзіңіздің тұрақты түрде тұруыңызға және дене
салмағыңыздың екі аяғыңызға тепе-тең бөлініп
OBJ_BUCH-2245-002.book Page 235 Wednesday, November 18, 2015 12:45 PM