Operation Manual

194 | Қaзақша
1 609 92A 0HN | (16.6.14) Bosch Power Tools
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
Құлыптау бұрандасы 9 тартылған болса оны
босатыңыз. Манипуляторды толық артқа тартып
құлыптау бұрандасын қайта тартып бекітіңіз.
Аралау үстелін 20 бұғаттау үшін құлыптау басын 23
тартып қойыңыз.
Құлыптау қосқышын 15 басып манипуляторды
тұтқасынан 14 ұстап жай төмен апарыңыз.
–Манипуляторды төменге тасымалдау қорғауышы 28
ішке толық басылғанша жылжытыңыз.
Жұмыс істеуге дайындау
Тіреуіш планканы жылжыту (F суретін қараңыз)
Вертикалды еңіс бұрышын аралауда жылжымалы тіреуіш
планканы 4 жылжыту керек.
Құлыптау бұрандасын 41 жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен 34 босатыңыз.
Екі сыртқы бекіту бұрандаларын босату мүмкін емес!
Тіреуіш планканы 4 толық сыртқа тартыңыз.
Құлыптау бұрандасын 41 қайта бұрап қойыңыз.
Верикалды еңіс бұрышын аралағаннан соң жылжымалы
тіреуіш планканы 4 кері жылжытыңыз (құлыптау
бұрандасын 41 босатыңыз; тіреуіш планканы 4
толығымен ішіне жылжытыңыз; құлыптау бұрандасын
қайта тартып қойыңыз).
Дайындаманы бекітіңіз (G суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтам
асыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өңдемеңіз.
Дайындаманы 4 мен 19 тіреуіш планкаларына қарсы
басып қойыңыз.
Жинақтағы бұрандалы қысқышты 5 оған арналған
тесіктерге 42 салыңыз.
Бұрандалы қысқыштың бұрандалы білігін 43
дайындама биіктігіне сәйкестендіріңіз.
Бұрандалы білікті 43 бекіте, осылайша дайындаманыда
бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді
пайдаланудан соң электр құралының параметрлерін
тексеріп керек болса реттеу керек („Негізгі реттеулерді
тексеріп реттеңіз,“ 195бетінде қараңыз).
Бекіту басын 23 аралаудан алдын әрдайым бекем
бекітіңіз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы
мүмкін.
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу
(H суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 47° (сол жақтық) мен 47° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
–Бекіту басы 23 тартылған болса оны босатыңыз.
Тұтқышты 24 тартып аралау үстелін 20 бұрыш
көрсеткіші 22 керекті еңіс бұрышын көрсеткенше
тартыңыз.
–Бекіту басын 23 қайта тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам және
нақты реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар 26 болады:
–Бекіту басы 23
тартылған болса оны босатыңыз.
Тұтқышты 24 тартып аралау үстелін 20 керекті ойыққа
дейін солға немесе оңға бұраңыз.
Тұтқышты жіберіңіз. Тұтқыш сезімді ретте ойыққа кіруі
керек.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
Тік қисайту бұрышын 0° мен 45° аралығында реттеу
мүмкін.
Тіреуіш планканы 4 толық сыртқа тартыңыз.
–Қысқыш тұтқасны 8 босатыңыз.
Манипуляторды қол тұтқасында 14 бұрыш көрсеткіші
30 керекті қисайту бұрышын көрсеткінше қисайтыңыз.
Манипуляторды осы күйде ұстап қысу тұтқасын 8 қайта
бекітіңіз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарын жылдам және дәл
реттеу үшін корпуста тіреуіш бар.
Тіреуіш планканы 4 толық сыртқа тартыңыз.
–Қысқыш тұтқасны 8 босатыңыз.
–Ол үшін манипуляторды қол тұтқасында 14 тірелгенше
32 оңға (0°) немесе тірелгенше солға 6 солға (45°)
қайырыңыз.
–Қысқыш тұтқасын 8 қайта берік бекемдеңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу (J суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 13 басып ұстап
тұрыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 13
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Тек құлыптау қосқышын
15 басып манипуляторды
төменге апару мүмкін.
Аралау үшін қосқыш/өшіргішті 13 тиюге қосымша
құлыптау қосқышын 15 басу керек.
Өшіру
Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 13 жіберіңіз.
солда оңда
45° 22,5° 15° 15° 22,5° 45°
OBJ_BUCH-2154-002.book Page 194 Monday, June 16, 2014 2:55 PM