Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы HL-L8260CDW / HL-L8360CDW / HL-L9310CDW / DCP-L8410CDW / MFC-L8690CDW / MFC-L8900CDW / MFC-L9570CDW Brother Industries, Ltd. 15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Жапония Өнімді пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамастан бұрын, осы нұсқаулықты оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау нәтижесінде өрт, ток соғу, күйіп қалу немесе тұншығу сияқты жеке басқа жарақат немесе мүлікке зақым қаупі артуы мүмкін.
Құжатта қолданылған таңбалар мен шартты белгілер Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған. Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТУ ЕСКЕРТУ белгісі алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. АБАЙЛАҢЫЗ АБАЙЛАҢЫЗ белгісі алдын алмаған жағдайда кіші немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. Тыйым салу белгішелері орындауға болмайтын әрекеттерді білдіреді.
Ең соңғы нұсқаулықтарды support.brother.com сайтымыздан алыңыз. Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз ЕСКЕРТУ Температурасы 10 және 32 °C аралығында сақталатын, ылғалдылығы 20 және 80 % аралығында болатын, конденсациясы жоқ орынды таңдаңыз. Өнімді қыздырғышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға немесе суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ.
Өнімді ондағы қандай да бір ұяны немесе саңылауды құрсаулайтын немесе бітейтін орынға қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұл ұялар мен саңылаулар желдету үшін қамтамасыз етілген. Құрылғының желдеткішін жабу қызып кету және/немесе өрт қатерін тудыруы мүмкін. Оның орнына: • Өнімнің айналасында мысал суретте көрсетілгендей аздаған саңылау қалдырыңыз. Сканерлеу функциясы жоқ өнімдер Сканерлеу функциясы бар өнімдер • Өнімді қатты тегіс бетке қойыңыз. • Бұл өнімді радиаторға немесе ысытқышқа жақын қоюға БОЛМАЙДЫ.
АБАЙЛАҢЫЗ Өнімді дірілдемейтін және соғылмайтын тегіс, жазық, тұрақты бетке (мысалы, үстел) қойыңыз. Өнімді телефон розеткасына (тек MFC үлгілері) және стандартты жерге жалғанған электр розеткасына жақын қойыңыз. Өнімді әсіресе оның жанында балалар болып қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз арбаның, бағананың не үстелдің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің жарақаттануына және өнімнің елеулі зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Өнімді қауіпсіз қосу ЕСКЕРТУ ЭЛЕКТР ҚАТЕРЛЕРІ Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау ток соғу қатерін туғызуы мүмкін. Оған қоса, өрт шығу қаупін туғызатын электр тогының қысқа тұйықталуы мүмкін. Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар.
Оны тазалау үшін қуат штепселін жиі суырып тұрыңыз. Штепсел алмастарының түбі мен алмастары арасын тазалау үшін құрғақ матаны қолданыңыз. Қуат штепселі розеткаға ұзақ мерзімге жалғанған болса, штепсель алмастары айналасында шаң түзіледі, бұл нәтижесінде өрт шығатын қысқа тұйықталуды туғызуы мүмкін. Бұл өнімді БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ. Бұл өнімді бөлшектеу өрт не ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге ӘРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ.
Өнім түсіп кетсе немесе корпусы зақымдалса, ток соғу қаупі болуы мүмкін. Өнімді электр розеткасынан ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз. Бұл өнімді найзағай кезінде ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Найзағайдан қашықтағы ток соғу қатері болуы мүмкін. Тонер картридждерін, тонер картриджі мен барабан бөлігінің жинағын немесе қалдық тонер қорабын отқа немесе өрт шығуы мүмкін орындарға тастауға БОЛМАЙДЫ. Ол жарақат тудырып, жарылуы мүмкін.
Тұрып қалған тонерді тазалау үшін шаңсорғышты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұлай істеу тонер шаңының шаңсорғыш ішінде тұтанып, өрттің басталуына себепші болуы мүмкін. Тонер шаңын құрғақ, талшықсыз жұмсақ шүберекпен абайлап тазалаңыз және оны жергілікті ережелерге сай тастаңыз. (Сымсыз жергілікті желі функциясы бар модельдер үшін ғана) Өнімді кез келген медициналық электр жабдықтың жанында ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Өнім әдеттен тыс ысып кетсе, түтін шығарса, қатты иіс шығарса немесе оның үстіне байқамай сұйықтық төгіп алсаңыз, өнімді электр розеткасынан бірден ажыратыңыз. Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз. Полиэтилен пакеттер осы өнімнің орамында пайдаланылған. Полиэтилен пакеттер ойыншық емес. Тұншығу қаупін болдырмау үшін бұл пакеттерді нәрестелер мен балалардан алыс ұстаңыз және қоқысқа дұрыс тастаңыз.
Қуат сымының қауіпсіздігі: • Бұл өнімде үшсымды жерге қосылған штепселі бар. Бұл штепсель тек жерге қосылған розеткаға сәйкес келеді. Бұл — қауіпсіздік шарасы. Егер штепсельді розеткаға салу мүмкін болмаса, сәйкес емес розетканы алмастыру үшін электр маманынан сұраңыз. Жерге қосылған штепсельдің мақсатын бұзуға ӘРЕКЕТ ЖАСАМАҢЫЗ. • Қуат сымына ешнәрсе қоюға БОЛМАЙДЫ. • Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
Жарақаттанып қалмау үшін өнімді кемінде екі адам артынан және алдынан ұстап көтергені дұрыс. Егер төменгі науа пайдаланылса, жарақат алып қалу немесе өнімге зақым келтіріп алу мүмкін болғандықтан, өнімді төменгі науасымен бірге тасуға БОЛМАЙДЫ, себебі ол төменгі науаға бекітілмеген. (Тек сканерлеу функциясы бар өнімдер) Жарақаттардың алдын алу үшін, саусақтарыңызды суреттерде көрсетілген аумақтарға қойған кезде абай болыңыз.
Тонер картридждерін балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Тонер ұнтағын жұтып жіберетін болсаңыз, дереу дәрігерге хабарласып, sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html сайтындағы қауіпсіздік деректер парақтарын (SDS) қараңыз. Тонер картриджі мен барабан бөлігінің жинағын кездейсоқ тонерді шашыратып немесе төгіп алған жағдайда тасталатын қағазды астына төсеп, таза, тегіс бетке қоюды ұсынамыз. Тонер қолдарыңызға немесе киімдеріңізге шашырайтын болса, оны дереу сүртіп алыңыз немесе салқын сумен жуыңыз.
сақтау мерзіміне әсер етуі мүмкін. (Барлық түпнұсқа емес тонер картридждері бұл мәселелерді туғызбайды.) • Өнім ішіндегі сақтандыру немесе ескерту жапсырмаларының ешқайсысын алуға немесе зақымдауға БОЛМАЙДЫ. • Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өнім бұзылуы мүмкін. • Пайдалану туралы нұсқаулар орындалғанда, өнім дұрыс жұмыс істемесе, тек пайдалану жөніндегі нұсқауларда қамтылған басқару элементтерін реттеңіз.
Тек осы өніммен берілген қуат сымын пайдаланыңыз. Құрылғыны ажырату Бұл өнім оңай қол жеткізуге болатын электр розеткасына жақын орнатылуы керек. Апат жағдайында қуатты толық өшіру үшін қуат сымын электр розеткасынан ажыратуыңыз керек. Мақұлдау ақпараты (тек MFC үлгілері) БҰЛ ЖАБДЫҚ ТИІСТІ ҚОСҚЫШПЕН БЕКІТІЛГЕН ЕКІ СЫМДЫ БАЛАМАЛЫҚ PSTN ЖЕЛІСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН.
Сымсыз жергілікті желі (Сымсыз жергілікті желі функциясы бар модельдер үшін ғана) Бұл принтер/көпфункциялы принтер жергілікті желіні қолданады. Жиілік жолағы (жолақтары): 2400-2483,5 МГц Жиілік жолағында (жолақтарында) таратылатын ең жоғарғы радиожиіліктің қуаты: 20 dBm (изотоптық сәулеге балама қуат) көлемінен кем NFC (тек NFC функциясы бар модельдер) Осы принтер/көп функциялы құрылғы NFC, Near Field Communication (жақын өріс байланысы) функциясын қолдайды.
Active Directory — Microsoft корпорациясының сауда белгісі немесе Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгісі. Mac — АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген Apple Inc. корпорациясының сауда белгісі. AirPrint және AirPrint логотипі — Apple Inc. корпорациясының сауда белгілері. Wi-Fi — Wi-Fi Alliance® компаниясының тіркелген сауда белгісі. Android — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі. Google Play — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Бұл өнім құрамында ZUKEN ELMIC, Inc. корпорациясы әзірлеген «KASAGO TCP/IP» бағдарламалық құралы бар. Copyright 1989-2014 Datalight, Inc. Барлық құқықтары қорғалған. FlashFX® Copyright 1998-2014 Datalight, Inc. U.S.Patent Office 5,860,082/6,260,156 Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне Тұтынушыларға қызмет көрсету Жергілікті Brother кеңсесінің байланыс ақпаратын алу үшін www.brother.com сайтына кіріңіз.
Оған қоса, көлік жүргізу куәліктерін және/немесе моторлы көліктерге арналған көлік тіркеу құжаттарын белгілі мемлекеттік заңдар бойынша көшіруге болмайды. Авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарды заң негізінде көшіруге болмайды, авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстың бөлімдеріне қатысты «әділ бөлу» қиыс жағдайына қатысты. Көп көшірмелер дұрыс емес қолдануды білдіреді. Шығармашылық жұмыстар авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарға балама ретінде қабылдануы тиіс.
100% кәдеге жаратылған қағаздан жасалған Басылым айы: 02/2019 D00F8N001-01 KZH нұсқасы A