Product Safety Guide

Қуат сымының қауіпсіздігі:
Бұл өнімде үшсымды жерге қосылған штепселі бар. Бұл штепсель тек жерге қосылған
розеткаға сәйкес келеді. Бұл — қауіпсіздік шарасы. Егер штепсельді розеткаға салу
мүмкін болмаса, сәйкес емес розетканы алмастыру үшін электр маманынан сұраңыз.
Жерге қосылған штепсельдің мақсатын бұзуға ӘРЕКЕТ ЖАСАМАҢЫЗ.
Қуат сымына ешнәрсе қоюға БОЛМАЙДЫ.
Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
Бұл өнімді сым созылатын немесе тартылатын жерге қоюға БОЛМАЙДЫ, себебі оның
үзіліп немесе тозып кетуі мүмкін.
Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнімді розеткадан
ажыратқан жағдайда, зақымдалған/тозған жерін қолмен ҰСТАМАҢЫЗ.
Айнымалы ток қуат сымының ортасынан ТАРТПАҢЫЗ, ортасынан тарту штепсельден
сымның бөлінуін туғызуы мүмкін. Олай істеу ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Тағайындалмаған кабельдерді (немесе қосымша құрылғыларды) ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Олай істеу өртке немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Орнатуды пайдаланушы
нұсқаулығына сай дұрыс орындау керек.
Brother компаниясы ұзартқыш сымның ешқандай түрін ПАЙДАЛАНБАУДЫ ұсынады.
Бұл өнімді қуат сымын ешнәрсе қыспайтын не тартпайтын қалыпта қою керек.
Жылдам орнату нұсқаулығы сипатталған қолданылатын кабельдің техникалық
сипаттамаларына сәйкес келмейтін осы өніммен берілмеген кабельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Олай істеу өртке немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Орнатуды Жылдам
орнату нұсқаулығы сай дұрыс орындау керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді қозғалтқан кезде, өнімді суретте көрсетілгендей жылжытыңыз.
11