Product Safety Guide

сақтау мерзіміне әсер етуі мүмкін. (Барлық түпнұсқа емес тонер картридждері бұл
мәселелерді туғызбайды.)
Өнім ішіндегі сақтандыру немесе ескерту жапсырмаларының ешқайсысын алуға
немесе зақымдауға БОЛМАЙДЫ.
Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өнім бұзылуы мүмкін.
Пайдалану туралы нұсқаулар орындалғанда, өнім дұрыс жұмыс істемесе, тек
пайдалану жөніндегі нұсқауларда қамтылған басқару элементтерін реттеңіз. Басқа
басқару элементтерінің дұрыс реттелмеуі зақым тудыруы мүмкін және өнімді қалыпты
жұмысына қалпына келтіру үшін білікті маманның араласуын талап етеді.
Өнім кепілдігі және жауапкершілік
Бұл нұсқаулықтағы ақпараттың ешқандай бөлігі қолданыста бар өнім кепілдігіне әсер
етпейді немесе ешқандай қосымша өнім кепілдігі ретінде қабылданбайды. Осы
нұсқаулықтағы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өнімнің кепілдігін жарамсыз етуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл өнімді ванна, жуу табағы, ас үй шұңғылшасы немесе кіржуғыш машина қасына,
ылғал жерге немесе бассейн сияқты судың жанына ҚОЙМАҢЫЗ.
Найзағай кезінде бұл өнімді қолданбаңыз. Найзағайдан қашықтағы ток соғу қаупі болуы
мүмкін.
Бұл өнімді газдың шығуы туралы хабарлау үшін газ шығатын жерде ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
14