Product Safety Guide

Құжатта қолданылған таңбалар мен шартты
белгілер
Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған.
Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ белгісі алдын алмаған жағдайда
өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін
қауіпті жағдайды білдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ белгісі алдын алмаған
жағдайда кіші немесе орташа жарақатқа
әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
МАҢЫЗДЫ
МАҢЫЗДЫ белгісі алдын алмаған жағдайда
өнімге зақым келтіруі немесе өнім қызметін
жоғалтуы мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды
білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
ЕСКЕРТПЕ қолдану ортасын, орнату
шарттарын немесе арнайы пайдалану
шарттарын білдіреді.
Электрлік қауіп белгішелері ток
соғу қаупін ескертеді.
Өрт қатері белгішелері өрттің
ықтималдығын ескертеді.
Ыстық бет белгішелері өнімнің
ыстық бөліктеріне тимеуді
ескертеді.
Тыйым салу белгішелері орындауға
болмайтын әрекеттерді білдіреді.
Қалың
қаріп
Қалың қаріп өнімнің басқару
панеліндегі немесе компьютер
экранындағы арнайы
пернелерді білдіреді.
Көлбеу
қаріп
Көлбеулік стилі маңызды
нәрсені ерекшелейді немесе
қатысты тақырыпқа сілтеме
береді.
Courier
New
Courier New қарпімен терілген
мәтін өнімнің СК дисплейіндегі
хабарларды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
Барлық үлгілер барлық елдерде бола
бермейді.
Осы нұсқаулықтағы мысал суреттерде
HL-L8360CDW/HL-L9310CDW/
MFC-L8900CDWмоделі көрсетілген.
Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
Бұл өнімнің нұсқаулықтары жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігі туралы ақпарат
беру үшін жинақталып жарияланған. Бұл нұсқаулықтардағы ақпарат ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
2