Product Safety Guide

Ең соңғы нұсқаулықтарды support.brother.com сайтымыздан алыңыз.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
ЕСКЕРТУ
Температурасы 10 және 32 °C аралығында сақталатын, ылғалдылығы 20 және 80 %
аралығында болатын, конденсациясы жоқ орынды таңдаңыз.
Өнімді қыздырғышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға
немесе суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт
қатерін тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан
туындаған конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
Өнімді тікелей күн сәулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға,
ылғалға немесе шаңға қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу
немесе өнімге зақым келтіретін өрт қаупін туғызуы және/немесе оны істен шығаруы
мүмкін.
Өнімді химиялық заттардың жанына немесе үстіне химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге
ҚОЙМАҢЫЗ. Химиялық заттар өнімге тисе, бұл өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы
мүмкін. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе бензин, бояу еріткіші, лак
өшіргіші сияқты сұйықтықтар, не болмаса дезодорант пластик жабынды және/немесе
кабельдерді ерітіп немесе бұзып, өрт не ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Осы не басқа
химиялық заттар өнімді бұзуы, оның түсін кетіруі мүмкін.
3