Product Safety Guide

АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді дірілдемейтін және соғылмайтын тегіс, жазық, тұрақты бетке (мысалы, үстел)
қойыңыз. Өнімді телефон розеткасына (тек MFC үлгілері) және стандартты жерге
жалғанған электр розеткасына жақын қойыңыз.
Өнімді әсіресе оның жанында балалар болып қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз
арбаның, бағананың не үстелдің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап
кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің жарақаттануына және өнімнің елеулі
зақымдалуына әкелуі мүмкін. Сканерлеу функциясы бар өнімдерге қатысты сканер
әйнегі сынған жағдайда қосымша жарақат алу қаупі бар.
Өнімді бос емес жерге қоймаңыз. Егер оны бос емес жерге қою керек болса, өнімді ол
кенет құлап кетпейтіндей қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді немесе басқаларды
жарақаттауы және өнімге қауіпті зақым келтіруі мүмкін.
Өнімге жалғанған кабельдері мен сымдарының, жарақат алуды туғызбайтын қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ.
Өнім айналасына ешбір затты ҚОЙМАҢЫЗ. Мұндай заттар апат жағдайында қуат
розеткасын жабады. Өнімді кез келген қажет уақытта токтан ажырата алу маңызды.
Бұл өнім басып шығару кезінде біраз химиялық заттар бөліп шығарады және ұзақ уақыт
немесе нашар желдетілетін жерлерде пайдаланылса, озон сияқты жағымсыз газдар
бөлуі мүмкін. Оңтайлы жұмыс істеуі және қолайлы болуы үшін өнімді жақсы желдетілетін
жерге қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ
Өнімді магниті бар немесе магниттік өрісті шығаратын құрылғылардың жанына
ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу басып шығару сапасының ақаулықтарын туғызатын өнім
жұмысына зақым келтіруі мүмкін.
Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып табылмайтын сымсыз
телефондар сияқты кедергі көздерінің жанына қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу өнімнің
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
5