Product Safety Guide

Өнім түсіп кетсе немесе корпусы зақымдалса, ток соғу қаупі болуы мүмкін. Өнімді электр
розеткасынан ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті
Brother дилеріне хабарласыңыз.
Бұл өнімді найзағай кезінде ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Найзағайдан қашықтағы ток соғу қатері
болуы мүмкін.
Тонер картридждерін, тонер картриджі мен барабан бөлігінің жинағын немесе қалдық
тонер қорабын отқа немесе өрт шығуы мүмкін орындарға тастауға БОЛМАЙДЫ. Ол
жарақат тудырып, жарылуы мүмкін.
ӨРТ ҚАУІПТЕРІ
Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау өрт қаупін туғызуы мүмкін.
Өнімнің ішін немесе сыртын тазалау үшін жанғыш заттарды, спрейді немесе спирт не
нашатыр спирті бар органикалық еріткішті/сұйықтықты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұдан
өрт шығуы мүмкін. Оның орнына құрғақ, талшықсыз шүберекті пайдаланыңыз. Өнімді
тазалау жолы туралы нұсқаулар uu Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы
Қағаз кептеліп қалғанда немесе қағаз қалдықтары өнімде қалып кеткенде, бұл өнімді
қолдануға БОЛМАЙДЫ. Термобекіткіш бөлігіне қағаздың ұзақ уақыт тиіп тұруынан өрт
шығуы мүмкін.
8