Product Safety Guide

Тұрып қалған тонерді тазалау үшін шаңсорғышты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұлай істеу
тонер шаңының шаңсорғыш ішінде тұтанып, өрттің басталуына себепші болуы мүмкін.
Тонер шаңын құрғақ, талшықсыз жұмсақ шүберекпен абайлап тазалаңыз және оны
жергілікті ережелерге сай тастаңыз.
(Сымсыз жергілікті желі функциясы бар модельдер үшін ғана)
Өнімді кез келген медициналық электр жабдықтың жанында ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнім
шығаратын радио толқындар медициналық электр жабдығын зақымдап, апат жағдайына
немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Кардиостимуляторды пайдаланушылар үшін:
Бұл өнім әлсіз магнит өрісін туғызады. Өнімнің жанында кардиостимуляторды
пайдалану кезінде дұрыс сезінбесеңіз, өнімнің жанынан кетіп, дереу дәрігерге көрініңіз.
Өнім үстіне мына заттарды ҚОЙМАҢЫЗ:
Бұл заттар өнімнің ішіндегі электр бөліктеріне тиетін болса, ол өрт не ток соғу қаупін
туғызуы мүмкін.
Түйреуіш немесе қысқыш сияқты металл заттар
Алқа немесе сақина сияқты бағалы металдар
Стакан, гүл құмырасы немесе гүл құтысы сияқты суы не сұйықтығы бар ыдыстар
ЫСТЫҚ ЖЕР
Өнімді қолданғаннан кейін, өнімнің кейбір ішкі бөліктері бірден қатты қызады. Өнімнің
ішкі бөліктерін ұстамастан бұрын өнім суығанша кемінде 10 минут күтіңіз.
9