Қолдану туралы нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина ESL63010
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз. Мазмұны Жалпы мағлұмат бөлімдері 2 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 3 Бұйым сипаттамасы 4 Құрылғыны пайдалану 5 Су жұмсақтайтын бұйымын салу 6 Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған 7 Шаю бұйымдары 7 Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs 8 Тазалау бұйымдарын қолдану 11 Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу 12 Жуу бағдарламалары 13 Күту менен тазалау 14 Не істерсіңіз, егер...
electrolux 3 • Ыдыс жуғыш машинадағы суды ішпеңіз. Жуғыш заттың қалдығы құрылғы ішінде қалып қоюы мүмкін. • Жарақат алып не ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін құрылғыны пайдаланбаған кезде есігін әрқашан жауып қойыңыз. • Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз не үстіне шықпаңыз. Бала қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана қолдануға тиіс. Балаларды құрылғымен ойнап қоймас үшін қадағалап отыру қажет. • Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
electrolux 1 2 3 4 5 Үстіңгі себет Су кермектігінің дискісі Тұз сауыты Жуғыш зат үлестіргіші Шайғыш зат үлестіргіші 6 7 8 9 Техникалық ақпарат тақтайшасы Сүзгілер Астыңғы бүріккіш түтік Үстіңгі бүріккіш түтік Бұйым сипаттамасы 5 1 2 A 1 2 3 4 5 4 3 B Қосу/Өшіру түймешігі Кешіктіріп бастау түймешігі Бағдарламаны таңдау/болдырмау түймешігі / (PROG. / CANCEL) Анықтағыш шамдар Бағдарлама шамдары Анықтағыш шамдар Жуу бағдарламасы аяқталған кезде анықтағыш шам жанады.
electrolux 5 • Су жұмсартқышты орнату үшін. 'Су жұмсартқышты орнату' тарауын қараңыз. • Дыбысты сигналдарды қосу/өшіру үшін. 'Дыбысты сигналдар' тарауын қараңыз. • Орындалып тұрған жуу бағдарламасын болдырмау үшін. 'Жуу бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз. Кешіктіріп бастау түймешігі Кешіктіріп бастау түймешігін жуу бағдарламасын 3 сағаттық интервалмен кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз.
electrolux 7. Жуу бағдарламасын бастаңыз. 5. Жуу бағдарламасын ыдыстың қаншалықты салынғандығына және ластанғанына қарап дұрыс орнатыңыз. 6. Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз. Жуғыш таблеткаларды пайдалансаңыз 'Жуғыш затты пайдалану' тарауын қараңыз. Су жұмсақтайтын бұйымын салу Су жұмсартқыш суды құрамындағы минералдар мен тұздардан тазартады. Минералдар мен тұздар құрылғы жұмысына теріс әсер етеді. Судың кермектігі эквивалент мәндермен есептеледі: • Германия,(dH°).
electrolux 7 2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанын тексеріңіз. 3. Бағдарламаны бастау/болдырмау түймешігін басып ұстап тұрыңыз. 4. Бағдарламаны таңдау/болдырмау түймешігін бағдарламаны анықтағыш А шамы жыпылықтай бастап, бағдарламаны анықтағыш В шамы жанғанда босатыңыз. 5. Бағдарламаны анықтағыш В шамы өшкенше күтіңіз. – Бағдарламаны анықтағыш А шамы жыпылықтай бастайды. – Соңы анықтағыш шамы жыпылықтай бастайды. 6. Бағдарламаны таңдау/болдырмау түймешігін бір рет басыңыз.
electrolux Шайғыш зат сауытына ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс жуғышты тазалағыш зат, сұйық тазалағыш)салмаңыз. Бұл құрылғыға нұқсан келтіреді. 3. Төгіліп қалған шайғыш затты жуу бағдарламасын келесі жолы бастаған кезде көбік пайда болмас үшін сорғыш матамен сүртіп алыңыз. 4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ не дақ қалдырмай кептіреді. Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады.
electrolux 9 Құрылғыны су тартқыш заттарды (жөке, майлық-сулықтар, т.с.с) жуу үшін пайдаланбаңыз. • Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салмас бұрын мына қадамдарды орындаңыз: – Тағам қалдықтары мен ластықтарды толық кетіріңіз. – Жанған, ыдысқа жабысқан тағамдарды жұмсартыңыз. • Ас құралдары мен ыдыстарды мына қадамдарды орындап салыңыз: – Шұңғыл заттарды(мысалы кесе,стакан және кәстрөл) төңкеріп салыңыз. – Сауыт не өте шұңғыл ыдыстың ішіне су жиналып қалмағанын тексеріңіз.
electrolux Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін, оларды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз. Ас құралдары торын пайдаланыңыз. Құралдың үлкендігі ас құралдары торын пайдалануға кедергі жасаса, оны алып қоюға болады. Үстіңгі себет Үстіңгі себет табақ(диаметрі максимум 24 см), табақшалар, салат сауыттары, шыныаяқ, стакан, кәстрөл мен қақпақтарды салуға арналған. Заттарды су барлығына біркелкі тиетіндей орналастырыңыз. Табақтарды үстіңгі себеттің артқы жағына ғана салыңыз.
electrolux 11 Тазалау бұйымдарын қолдану Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды (ұнтақ, сұйық не таблетка)ғана қолданыңыз. Орамындағы нұсқауларды орындаңыз: • Өндіруші көрсеткен мөлшерде ғана пайдаланыңыз. • Сақтауға қатысты ұсыныстарды қараңыз. A B Қоршаған ортаға зиян тигізбес үшін көрсеткен мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын ашыңыз. 2. Жуғыш зат үлестіргішіне( A) жуғыш заттан салыңыз.
electrolux таблеткалардың құрамында басқа да заттар болады Құрамында арнайы тұз бен шайғыш заты бар таблетканы қолданған кезде, тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырудың қажеті жоқ. Бұндай жағдайда, құрылғы қосылған кезде шайғыш заттың анықтағыш шамы қосылып тұрады. 1. Бұл таблеткалардың жергілікті жердің суының кермектігіне сай келетін-келмейтінін тексеріңіз. Өндіруші нұсқауларын орындаңыз. 2. Су кермектігі мен шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз. 2.
electrolux 13 Бағдарламаға кешіктіріп бастау функциясын қосып орнату және бастау 1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. 2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз. – Бағдарламаның анықтағыш шамы жанады. 3. Кешіктіріп бастау түймешігін басыңыз. – Кешіктіріп бастау функциясының анықтағыш шамы жанады. 4. Есікті жабыңыз. – Кешіктіріп бастау функциясының кері санағы басталады. – Кері санақ аяқталған кезде жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады. Кері санақ тоқтап қалмас үшін кері санақ орындалып тұрған кезде есікті ашпаңыз.
electrolux Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Қалыпты кірлеген Ыдысаяқтар мен ас құралдары Алдын ала жуу Негізгі жуу, 50°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю Кептіру Кез келген Жартылай толтыру (кейін толтыруды аяқтау үшін) 1 рет суық сумен шаю (тамақ қалдықтары жабыспас үшін). Бұл бағдарламаға жуғыш заттың қажеті жоқ. Бағдарлама 2) Бағдарлама сипаттамасы 1) Бұл жартылай толтырылған машинаға бірден-бір сай келетін, күнделікті қолдану үшін тамаша бағдарлама.
electrolux 15 4. Сүзгілерді алыңыз. 5. Ірі көзді сүзгіні(A)тесігі бар ұстағышынан ұстаңыз. 6. Ірі көзді сүзгіні(A) микросүзгіден(B)алыңыз. 7. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбінен шығарыңыз. D 13. Астыңғы себетті салыңыз. 14. Есікті жабыңыз. Бүріккіш түтіктерді алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, оны жіңішке шырпымен тазалаңыз. Сыртын тазалау Машинаның сыртын және басқару панелін дымқыл жұмсақ матамен тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш заттарды қолданыңыз.
electrolux Қателер коды және дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары • орындалып тұрған бағдарлама шамының ұзақ жыпылықтауы • үзік-үзік дыбысты сигнал • соңы анықтағыш шамының 1 рет жыпылықтауы Ыдыс жуғыш машинаға су толмай тұр. . • Су құятын шүмек бітелген не оған қақ тұрған. Су құятын шүмекті тазалаңыз. • Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз. • Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған. Сүзгіні тазалаңыз. • Су құятын түтікше дұрыс жалғанбаған.
electrolux 17 Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыс-аяқ сулы және түсі жақсы емес • Ешбір шайғыш зат пайдаланылмаған. • Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған. Ыдыстар мен стакандардың беті айғыздалған не оларға ақшыл дақтар түскен не беті көкшіл тартқан • Шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз. Стакандар мен ыдыстарда кепкен су тамшысының ізі қалған • Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз. • Бұның себебі жуу заттары болуы мүмкін.
electrolux Суға қосу Сақтандыру туралы ескерту! Ескі құрылғылардың қосылым түтікшелерін пайдаланбаңыз. Су қысымы көрсетілген шектерден аспауға тиіс ("Техникалық деректер" тарауын қараңыз). Жергілікті су басқармасынан тұратын жеріңіздегі құбырлардың орташа қысымын беруін талап етіңіз. Су құятын түтікшенің еш жерінің түйнектелмей, не жаншылып не болмаса шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз. Су жылыстап ағып кетпес үшін контргайканы дұрыс орнатыңыз.
electrolux 19 Электртоғына қосу Назарыңызда болсын! Бұл нұсқауларды орындамасаңыз, салдарына өндіруші жауапты емес. Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай жерге қосыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу мен қуат мәндерінің жергілікті желідегі кернеу мен қуатқа сай келетіндігіне көз жеткізіңіз. Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы пайдаланыңыз. Көп-көзді ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар. Қорек сымын өзіңіз ауыстырмаңыз.
www.electrolux.