User manual

Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас
үшін, оларды басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Ас құралдары торын пайдаланыңыз.
Құралдың үлкендігі ас құралдары торын
пайдалануға кедергі жасаса, оны алып
қоюға болады.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет табақ(диаметрі максимум
24 см), табақшалар, салат сауыттары,
шыныаяқ, стакан, кәстрөл мен
қақпақтарды салуға арналған. Заттарды
су барлығына біркелкі тиетіндей
орналастырыңыз.
Табақтарды үстіңгі себеттің артқы
жағына ғана салыңыз. Оларды алға
қарай қисайтыңыз.
Ұзын бокалдарды шыныаяқ торына
сирағын жоғары қаратып салыңыз. Ұзын
заттарды шыныаяқ торын жиып барып
салыңыз.
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
Астыңғы себетке үлкен табақтарды салу
үшін, алдымен үстіңгі себетті ең жоғарғы
орынға қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Биіктігін үстіңгі себетке еш нәрсе
салмай тұрып реттеңіз.
Ыдыстың ең үлкен биіктігі
үстіңгі
себеттегі
астыңғы
себеттегі
Үстіңгі орын 20 см 31 см
Астыңғы орын 24 см 27 см
Үстіңгі себетті жоғарғы орынға қою үшін
мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Алдыңғы сырғытпа
тежегіштерін(A)алыңыз.
2. Себетті тартып шығарыңыз.
3. Себетті үстіңгі орынға қойыңыз.
4. Алдыңғы сырғытпа
тежегіштерін(A)бастапқы
орындарына қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Егер
себет үстіңгі орында тұрса,
кеселерді шыныаяқ торына
қоймаңыз.
10 electrolux