User manual

ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Мұздатқыштың орнатылған температурасын
температура түймешігін басып реттеуге
болады.
Орнатылған әдепкі температура:
•мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
ECOMODE
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
EcoMode индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
мұздатқыш үшін: -18°C
EcoMode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін EcoMode индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
EcoMode индикаторы сөнеді.
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған кезде
ажыратылады.
FASTFREEZE РЕЖИМІ
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
FastFreeze индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты түрде
тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін FastFreeze индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
FastFreeze индикаторы сөнеді.
Функция мұздатқыштың басқа
орнатылған температурасын таңдау
арқылы ажыратылады.
DRINKSCHILL РЕЖИМІ
DrinksChill функциясы дыбысты сигналды
қажетті кезде орнату үшін қолданылады,
мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны
белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту
үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу
үшін ескерту сигналы қажет болған кезде
қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
DrinkChill түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрсетіледі.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді (30
минут).
2.
Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90
минут аралығында өзгерту үшін
"Суығырақ температура" түймешігі және
"Жылырақ температура" түймешігін
басыңыз.
3.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты
сигнал естіледі:
1.
Мұздатқыш камерадағы сусындарды
алыңыз.
2.
Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
DrinkChill түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып тұрған
кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.
1.
DrinkChillтүймешігін басыңыз.
2.
DrinksChill индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі мен
"Жылырақ температура" түймешігін басып,
уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде
және аяқталған кезде өзгертуге болады.
ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны (мысалы,
электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей
көрсетіледі:
ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
64
www.electrolux.com