HP 1405 Switch Series Installation and Getting Started Guide (May 2013)

2-3
НР 1405 коммутаторларын орнату
Орнату іс рəсімдері
Орнату іс рəсімдері
Бұл қадамдар коммутаторды орнатуды сипаттайды. Осы тараудың қалғаны осы
қадамдар бойынша толық деректерді береді.
1. орнату орнын дайындау (осы бетте). Коммутатор орнатылатын
физикалық ортаның дұрыс дайындалғанын тексеріңіз, ол дұрыс желі
кабелінің коммутаторға қосылуға дайындығын жəне коммутатор үшін
сəйкес орынның таңдалғанын қамтиды. Орнату бойынша кейбір сақтық
шараларын 2 – 2-бетте қараңыз.
2. Корпустың өзіндік
сынақтан өткізілгенін тексеріңіз (2 – 4-бетте).
Коммутаторды қуат көзіне жалғап, артқы панельдегі жарық шығарғыш
диодтың дұрыс коммутатор жұмысын көрсететінін тексеріңіз.
3. Коммутаторды бекітіңіз (2 – 6-бетте). Коммутаторларды қабырғаға
немесе көлденең беткейге орнатуға болады.
4. Коммутаторға қуатты қосыңыз (2 – 8-бетте). Коммутатор орнатылғаннан
кейін, оны негізгі қуат көзіне жалғаңыз.
5. Желі құрылғыларын қосыңыз (2 – 9-бетте). Сəйкес
желі кабельдерін
қосып, желі құрылғыларын коммутатор порттарына жалғаңыз.
Осы кезде коммутатор толық орнатылады. Осы орнату қадамдары бойынша
толық деректер қажет болса, осы тараудың қалған бөлігін қараңыз.
1. Орнату орнын дайындау
Кабель инфрақұрылымы - Кабель инфрақұрылымы желінің қажетті
техникалық сипаттамаларын сəйкес келетінін тексеріңіз. A қосымшасында
қосымша ақпарат алу үшін, «Техникалық сипаттары» бөлімін қараңыз:
Орнату орны - Коммутаторды орнатпас бұры, басқа құрылғыларға жəне
жабдыққа сəйкес оның орнын жəне бағдарын жоспарлаңыз:
Коммутатордың артқы жағынан шиыршықталған екі сымды кабель
үшін кемінде 7,6 см (3 дюйм) бос орын қалдырыңыз.
Коммутатордың артқы жағынан қуат сымы үшін кемінде 3,8 см
(1 1/2 дюйм) бос орын қалдырыңыз.
Коммутатордың жандарынан 7,6 см (3 дюйм) бос орынды салқындату
үшін
қалдырыңыз.