HP 1405 Switch Series Installation and Getting Started Guide (May 2013)

2-9
НР 1405 коммутаторларын орнату
Орнату іс рəсімдері
5. Желі кабельдерін қосу
«Кабель инфрақұрылымы» тарауында сипатталған желі кабельдерін (2 – 3-бетте)
желі құрылғыларынан немесе коммутациялық панельдерден коммутатордағы
бекітілген RJ-45 порттарына қосыңыз.
RJ-45 қосылымдарын қолдану
Қосу үшін:
RJ-45 ашасын RJ-45 портына
орнына түскендегі сырт еткен
дыбыс естілгенше итеріп басыңыз.
Коммутатор мен қосылған құрылғы
үшін қуат қосулы болғанда, портқа
арналған порт күйінің жарық
шығарғыш диоды қуатқа қосылған
құрылғының кабельдің басқа
ұшына қосылғанын тексеру үшін
жанып тұру қажет (мысалы, түйін
ұшы).
Порт күйінің жарық шығарғыш
диоды желі кабелі портқа
қосылғанда қосылмаса, «Жарық
шығарғыш диодтармен анықтау»
3-тараудағы «Ақаулықтарды жою»
бөлімін қараңыз.
Ажырату үшін:
Ашадағы кішкентай түймені басып,
порттан ашаны шығарып алыңыз.
87654321
RJ-45 қосқышы
Қорғалмаған шиыршықталған екі сымды
кабель:
• 10 Мбит/с порттар үшін 3, 4 немесе
5 санаты
• 100 Мбит/с порттар үшін 5 немесе
жақсырақ санаты
• 1000 Мбит/с порттар үшін 5e немесе
жақсырақ санат
2-5. сурет Желі кабельдерін қосу