User manual

10
ір жуардан б
ұ
рын
К
1. Затбелгілер
Киімнің затбелгілеріндегі таңбаларды қараңыз. Əдетте онда мата туралы жəне рұқсат етілетін кір жуу режимдері
туралы ақпарат болады.
Киімнің затбелгілерінде пайдаланылатын пиктограммалардың түсіндірмесін 25-беттен таба аласыз.
*
2. Сұрыптау
3. Кірді салардан бұрын
Кір жуардан б
ұ
рын
Ластану дəрежесі
(қатты, орташа, шамалы)
Түс
(ақ, ашық түсті, қошқыл түсті)
Түк
(шығатын заттар,
жинайтын заттар)
Түк шығатын заттар: халаттар, сүлгілер. Түк жинайтын заттар: синтетика, барқыт, ұйық
Киімді ластану дəрежесі
бойынша сұрыптаңыз.
Ақ маталарды түрлі-түсті
маталардан бөліп алыңыз.
Түк шығатын жəне жинайтын
киімдерді бөлек жуған дұрыс.
Ал
ғ
аш рет кір жуардан б
ұ
рын
Кір салмастан жуу циклын орындаңыз (жуғыш заттың жарты нормасын салып, ХЛОПОК (МАҚТА МАТА) 60 °С
режимінде). Бұл барабаннан зауыттық кір-қоқысты кетіруге мүмкіндік береді.
Түрлі маталар кірді жуған кезде судың түрлі температурасын жəне кірді сыққан кезде барабанның түрлі айналу
жылдамдығын талап етеді. Барынша жақсы нəтижеге жету мақсатында, жуылатын кірді бірдеу кір жуу режимін
қажет ететін бөліктерге бөліңіз.
Қошқыл түсті маталарды əрқашан да ашық жəне ақ түсті маталардан бөлек жуыңыз.
Бөлеу жуу өте қажет, себебі олай етпеген жағдайда түрлі-түсті киімнің бояуы оңып кетуі жəне ашық түсті киімнің
түсі өзгеруі мүмкін.
Егер мүмкіндік болса, қатты кірлеген киімді шамалы ластанған киіммен бірге жумаңыз.
Машинаға кірді салған кезде ұсақ заттарды үлкен заттармен араластырыңыз. Əуелі үлкен заттарды
салыңыз. Олар машинаға салынатын киімнің жалпы көлемінің жартысына аспауға тиіс. Машинада ірі
заттарды бөлек жумаңыз. Бұл барабандағы теңгерімнің бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін. Машинаға
соған ұқсас тағы бір немесе екі затты салыңыз.
Қалталардың бəрін тексеріп, ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Қалталардағы
заттар, мысалы, шеге, шақалар, кілттер жəне т.с.с. кір жуғыш машинаға да,
сондай-ақ киімге де зиян келтіруі мүмкін.
Барлық ысырма ілгектерді, түймелер мен бауларды салып-байлаңыз, əйтпесе
олар басқа киімге ілініп қалуы мүмкін.
Дақтар мен барынша қатты кірлеген жерлердің, мысалы, жең мен жағаның кірін
кетіруді жеңілдету үшін суға езілген кір жұғыш ұнтақпен ысқылаңыз.
Есіктің тығыздағышы мен киімге зиян келмес үшін тығыздағыш пен есіктің
арасында киімнің қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Есіктің тығыздағышың шеттеріне қысылып қалуы мүмкін ұсақ заттардың жоқ
екенін тексеріңіз.
Барабанда алдыңғы жуылған кірден ешқандай заттың қалып қоймауын бақылаңыз.
Олар келесі кір жуу кезінде бүлінуі мүмкін.