User manual

27
Уақыт өте келе кір жуғыш ұнтақ пен мата жұмсартқыштан тартпалы жəшікте шөгінді түзіледі.
Тартпалы жəшікті ағын сумен мезгіл-мезгіл жуып отыру қажет.
Қажет болған жағдайда жəшікті машинадан түгел алып шығыңыз. Бұл үшін тоқтатқыш ысырманың үстінен басып, жəшікті
тартып шығару керек.
Тазалауды оңайлату үшін мата жұмсартқышқа арналған сауыттың үстіңгі бөлігін алып шығуға болады.
Ұнтақ жəшіктің ойығында жиналуы мүмкін, сондықтан осы ойықты мезгіл-мезгіл
тазартып отырған жөн.
Тазалауды аяқтағаннан кейін тартпалы жəшікті орнына қойыңыз да, кір жуғыш
машинаны шаю режимінде іске қосыңыз.
Eгер Сіз тұратын аймақтағы су кермек болса, машинаның қол жетуі қиын жерлеріндегі қақ пен əктен тазартатын арнайы
құрамды заттарды қолданыңыз.
Кір жуғыш машинаның бapaбaны тот баспайтын болаттан жасалса да, барабанда кептеліп қалған ұсақ металл
бөлшектерден (қағаз қыстырғыштар, түйреуіштер) тот дақтары пайда болуы мүмкін.
Мезгіл-мезгіл кір жуғыш машинаның барабанын тазалап отыру қажет.
Eгер Сіз қаққа қарсы құрал (aнтинaкипин), бояғыш немесе ағартқыш пайдалансаңыз, оның кір жуғыш машинаға жарамды
екеніне көз жеткізіңіз.
Қаққа қарсы құралдың құрамында Сіздің кір жуғыш машинаңыздың кейбір бөлшектеріне теріс əсер ететін құраластар болуы мүмкін.
Дақтарды болаттағы дақты кетіруге арналған арнайы құралмен кетіріңіз.
Болат сымнан жасалған ысқыштарды ешқашан да пайдаланбаңыз.
Тартпалы жəшікке арнал
ғ
ан ойы
қ
Кір жу
ғ
ыш машинаны
ң
бapaбaны
ызмет к
ө
рсету
Қ
Тартпалы ж
ə
шік
1. Сыртқы бөлшектерін тазалау
2. Ішкі бөлшектерін тазалау
Кір жуғыш машинаны тазалау
Кір жуғыш машинаны тиісті түрде күтіп ұстаса, бұл оның қызмет мерізімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Кір жуғыш машинаның сыртқы бөлшектерін құрамында түрпілі бөліктері жоқ бейтарап жуғыш зат қосылған жылы сумен
шаю керек. Жуып тазалағаннан кейін машинаны таза шүберекпен сүртіңіз де, құрғағанша қоя тұрыңыз.
Кір жуғыш машинаның Ішкі бөлімдерін 1 стақан (250 мл) кір жуғыш ұнтақ араласқан ағартқышпен шайып тұрыңыз.
Машинаны қосыңыз, оған ыстық суды қолдана отырып кір жуу жоспарын толығымен орындауына мүмкіндік беріңіз.
Қажет болса үрдісті қайталаңыз.
* "Барабанды тазалау" функциясы бар модельдерге берілген функцияны қолдану ұсынылады.
Машинаны этил спиртімен, еріткіштермен, құрамында хлор бар
заттармен жəне соған ұқсас басқа заттармен сүртуге болмайды.
ЕСКЕРТУ
Кермек судан қалған тұнбаны жою үшін тек кір жуу машиналарына арналған арнайы
жабдықдарды өндірушінің ұсыныстарын басшылыққа ала отырып қолдану керек.
ЕСКЕРІМ