User manual

3
скертулер
Е
МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛАРМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ
ЕСКЕРТУ: Өрт шығу, электр тоғы соғу немесе жарақат алу ықтималдығын
азайту үшін төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:
Машинаның есігі ашық тұрғанда оған шамадан тыс күш түсуіне жол бермеңіз. Бұл оның
аударылып кетуіне əкеліп соғуы мүмкін.
ОСЫ Н
Ұ
С
Қ
АУЛЫ
Қ
ТЫ СА
Қ
ТАП
Қ
ОЙЫ
Ң
ЫЗ
Кір жуғыш машинаны ауа райы жағдайлары қолайсыз
жерлерде орнатпаңыз жəне сақтамаңыз.
Басқару элементтерінің бұзылуына жол бермеңіз.
Кір жуғыш машинаның бөлшектерін жөндеу мен
ауыстыру үрдісі қызмет көрсету бойынша
нұсқаулықта немесе өз бетіңізбен жөндеу туралы
жарияланған нұсқауларда суреттелмеген болса, əрі
оларды өзіңіз əбден түсініп алып, орындау үшін
жеткілікті машықтарды игермеген болсаңыз, оларды
өз бетіңізбен жөндемеңіз жəне ауыстырмаңыз.
Машинаның астында жəне айналасында тез
тұтанатын заттар, мысалы, қағаз, түбіт, шүберек,
химиялық препараттар жəне т.с.с. болмауын
қадағалаңыз.
Егер машинаның қасында балалар болса, оларды
көңіл қойып байқап жүріңіз.
Балалардың машинаның үстінде, ішінде немесе оның
маңайында ойнауына рұқсат етпеңіз.
Кір жуғыш машинаның есігін ашық қалдырмаңыз.
Егер есігі ашық қалса, балалар оған асылуға немесе
машинаның ішіне кіруге əрекет жасауы мүмкін.
Жоғары температурада жуған кезде (мақта мата 95°C)
шыны ысып кетеді. Оған жанаспаңыз!
Машина жұмыс істеп тұрғанда ешқашан оның ішкі
бөлшектерін қолмен ұстамаңыз.
Төгілетін суға жанаспаңыз, ол ыстық болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаны температура 0°С-тан төмендеуі
мүмкін үй-жайларда орнатпаңыз.
Қуат ашасын ешқашан да дымқыл қолмен сұқпаңыз
немесе суырмаңыз.
Жуудың нəтижесінде киімнің отқа төзімділігі
төмендеуі мүмкін.
Егер осыған дейін киімді жанғыш немесе жарылғыш
заттарды пайдаланып тазартқан болсаңыз немесе
оған балауыз, май, бояу, бензин, майсыздандырғыш
заттар, керосин жəне т.с.с. қандай да бір жолмен оған
тиген болса, оны машинада ешқашан жумаңыз жəне
кептірмеңіз. Бұл өрт шығуына немесе жарылысқа
əкелуі мүмкін.
Жуған жəне құрғатқан кезде əрдайым киім өндірушінің
ұсыныстамаларын басшылыққа алыңыз.
Есікті тым қатты жаппаңыз жəне егер есікті бұғаттау
жүйесі іске қосылса (есікті бұғаттау шамы жанып тұрса),
оны күшпен ашуға əрекет жасамаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаға кез келген жөндеу немесе күтіп
ұстау жұмысын жүргізген кезде электр соғы соғу
қатерін болдырмау үшін қуат сымын электр
розеткасынан суырыңыз, балқыма сақтандырғышты
ағытып алыңыз немесе автоматты ажыратқышты
өшіріп қойыңыз.
Егер машина бұзылған, ақаулы, бөлшектері ішінара
алынған болса немесе қандай да бір бөлшектері жоқ
немесе қираған болса, соның ішінде қуат сымы
немесе қуат ашасы бүлінген болса, оны ешқашан
тоққа қоспаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе
осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде
балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша
нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына
болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі
қадағалап отыру керек.
Кір жуғыш машинаның жанына қыздырғыш
аспаптарды, жанып тұрған шырағдандарды жəне т.с.с.
қоймаңыз. Бұл оның пішінінің бұзылуына немесе
тұтануына əкеліп соғуы мүмкін.
Жуғыш ұнтақты, шайғыш затты жəне басқа да жуғыш
заттарды пайдалану бойынша өндірушінің
нұқсауларына сүйеніңіз. Ұсынылған өлшемдерді
қолданбау кір жуу сапасына əсер етуі немесе тіпті
матаны бүлдіруі мүмкін.
Автоматты кір жуғыш машинада пайдалануға
арналған жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін, өрт шығу, жарылыс, электр тоғы соғу,
мүліктің бүлінуі, жарақат алу немесе қазаға ұшырау ықтималдығын азайту
мақсатында осы нұсқаулықта келтірілген барлық ережелерді орындаңыз.
ЕСКЕРТУ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ МƏЛІМЕТТЕР