User manual

Барлық орам элементтерін алып тастаңыз да, құрылғының сыртында бүлінген жерлер жоқ екеніне көз
жеткізіңіз. Күмəн болған жағдайда кір жуғыш машинаны пайдаланбай, бірден сатушыға немесе
жеткізуге хабарласыңыз.
– кілем төсемге жəне т.с.с. орнатылған кезде, кір жуғыш машина мен еденнің арасында ауа еркін айналуға тиіс;
– қыш тақташаға орнатқан кезде машинаның аяғының астына резеңке төсеме төсеңіз
*
;
– ағаш еденге орнатылған кезде біз əр аяғының астына қалыңдығы кем дегенде 15 мм резеңке төсеме қойып,
оларды бұарамшегелермен кем дегенде екі еден тақтайға бекітуді ұсынамыз. Мүмкіндігінше бөлменің едені
барынша мықты бұрышын таңдаңыз.
Кір жуғыш машинаның екі бүйірі (20 мм-ден) мен артқы жағында (100 мм) бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.
Машина қабырғаға немесе жиһазға тиіп тұрмауға тиіс.
Орнатылатын жердегі еденнің біртегіс, мықты екеніне көз жеткізіңіз:
Еденнің бұдыр жерлерін машинаның астына ағаш, картон жəне сол сияқты материалдардан тұғыр қою арқылы
тегістеуге тыйым салынады.
Егер машинаны қайткенде де газ немесе көмір пештің қасына орнату қажет болса, олардың арасына оқшаулағыш
арақабырға (85 × 60 см) өткізіп, алюминий жұқалтыр фольгасы бар жағына пешке қарату керек.
Кір жуғыш машинаны температура 0 °С-тан төмендеуі мүмкін үй-жайларда орнатпаңыз.
Орнатылатын жер таза əрі құрғақ болуға тиіс.
Машинаны жөндеген жағдайда техник оған еркін жете алатындай етір орнатыңыз.
Үй-жайларда тарақандар немесе басқа құрт-құмырсқа зарарлауы мүмкін елдерде машинаны əрқашан да таза
күйде ұстауға айрықша көңіл бөліңіз. Тарақандардың немесе басқа құрт-құмырсқаның себебінен болған кез келген
зақымдар кепілді жөндеуге жатпайды.
Кір жуғыш машинаның орамын жазардан бұрын оны орнататын жерді айқындап алу керек.
Резеңке төсемелерді (артикул 4620ER3001B) LG компаниясының Сервистік орталығынан сатып
алуға болады.
*
Орналастыру
Орауын ашу
ЕСКЕРТУ: орам материалдары (мысалы, полиэтилен үлдір, пенопласт) балалар үшін қауіпті болуы
ықтимал – олар тұншығып қалуға себеп болуы мүмкін! Орам материалдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Орамынан алған кезде машинаның түбінің
тура ортасындағы орауыш сынаны
міндетті түрде алып тастаңыз.
Кір жуғыш
машина
Негізгі орам
материалдары
Орауыш
сына
рнату
О