User manual

7
рнату
О
Тасымал б
ұ
рандамаларын алып тастау
Тасымал бұрандамаларын алып тастамау
машинаның қатты дірілдеуіне, шектен тыс шуылға
жəне оның істен шығуына əкелуі мүмкін.
Бітеуіш
Кір жуғыш машинаны іске пайдалануға кіріспес бұрын
тасымал бұрандамаларын міндетті түрде алып
тастау қажет.
Кір жуғыш машинаның жинағына кіретін кілттің көмегімен 4
тасымал бұрандамасын бұрап алыңыз да, резеңке бітеуіштерімен
бірге алып тастаңыз. Тесіктерді жинаққа кіретін бітеуіштермен
жабыңыз.
Машинаны қайтадан тасымалдаған жағдайда тасымал элементтерін
қайта пайдалану үшін олардың барлығын сақтап қоюды ұсынамыз.
Су
қ
ұ
бырына жал
ғ
ау
Сумен жабдықтау желісіндегі қысымның рұқсат етілетін шектерде екеніне көз
жеткізіңіз:
Сумен жабдықтау желісіндегі судың қысымы 1,0–10 кгс/
см
2
(100 кПа ~ 1000 кПа) аралығында екеніне көз жеткізіңіз
(яғни бұл түгел ашық тұрған шүмектен бір минутта
кем дегенде 8 литр су ағуға тиіс дегенді білдіреді). Егер
қысым көрсетілген мəннен жоғары болса, су құбырына
қысым редукторын қою керек болады.
Кір жуғыш машинаны су құбырына жалғау үшін тек жеткізілім жинағына кіретін жаңа түтіктерді ғана
пайдаланыңыз. Ескі түтік жиындарын қайтадан пайдалануға болмайды.
Бу берілетін түтіктің бір ұшын өзіңізге қажетті бағытқа бұрып, машинаға жалғаңыз. Түтікті бұру үшін жалғастырғышты
сəл босату, түтікті түзету жəне су ақпайтынына көз жеткізіп, жалғастырғышты қайтадан қатайтып бұрау жеткілікті.
Машинаны жаңа су құбырына немесе көптен бері пайдаланылмаған құбырларға жалғардан бұрын,
құбарларда жиналған кір-қоқысты кетіру үшін жеткілікті мөлшерде суды ағызып алыңыз.
Су берілетін шүмекті шегіне дейін ашып, түтіктің
қосылымдарының тығыздығын тексеріңіз.
Түтіктің бұратылып немесе жаншылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су берілетін түтіктің екінші ұшын сумен жабдықтау құбырының
шүмегіне жалғаңыз.
Су тамшыламас үшін су берілетін түтікке екі резеңке аратөсем
қоса беріледі.
Резеңке
аратөсем
Түтікті қосуға
арналған
жалғастырғыш
Су берілетін түтікті ұзартауға болмайды. Егер ол тым қысқа болса, ал сіз суқұбырының шүмегінің
орнын ауыстырғыңыз келсе, осы мақсатқа арналған ұзынырақ жаңа түтік сатып алған жөн.
ЕСКЕРТУ: Егер құйылатын судың құрамындағы қоспалардың (құм, саз, тат жəне т.с.с.) мөлшері тым
көп болса, су тазалайтын сүзгілерді пайдалануды ұсынамыз, олар су құбырының негізгі магистралына
немесе су кір жуғыш машинаға тура құйылатын жерде орнатылады. Дəл келетін сүзгіні таңдау үшін
білікті маманнан ақыл-кеңес сұраңыз.
Тазартылмаған (ластанған) суды пайдалану кір жуғыш машинаның ішкі бөлшектерінің жылдамырақ тозуына
ықпалдасады, сондай-ақ кір жуу сапасына əсер етуі мүмкін.