User manual

8
рнату
О
Де
ң
гейін т
ү
зету
Машинаның дірілдеуіне жəне шектен тыс шуылдауына жол бермеу үшін
оны тура көлденең біртегіс орналастыру қажет.
Барлық төрт аяғының да еденде мығым тұрғанына көз жеткізіңіз, содан кейін спирттік
деңгей тексергіштің көмегімен кір жуғыш машинаның көлденең біртегіс тұрғанын
тексеріңіз. Машинаның деңгейін реттемелмелі аяқтарының көмегімен дұрыстаңыз.
Егер машина биік тұғырда орнатылған жағдайда, оның құлап кетуіне жол бермеу үшін
мықтап бекіту қажет.
Реттелетін аяқтарын ішке немесе сыртқа қарай бұрай отырып, кір жуғыш машинаның
деңгейін мұқият түзетіңіз. Еденнің бұдыр жерлерін білдірмеу үшін ешқашан да
астына картон, ағаш кесінділерін немесе соларға ұқсас материалдарды төсемеңіз.
Беккіткіш сомынды сағат тілінің бағытына қарсы бұрай отырып, реттемелі аяқтарын
бекітіңіз.
Машинаның орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш машинаның үстіңгі
қақпағының бұрыштарынан басқан кезде, машина еңкеймеуге немесе жоғары-
төмен шайқалмауға тиіс.
Егер машинаның үстіңгі қақпағының бұрыштарынан баса отырып машинаны
еңкейтуге болатын жағдайда, аяқтарын қайтадан реттеңіз.
Дұрыс орналастырып, тегіс орнатқан жағдайда Сіздің кір жуғыш машинаңыз ұзақ уақыт сенімді əрі
іркіліссіз жұмыс істейтін болады!
Деңгей
Бекіткіш
сомын
Реттелетін
аяқ