User manual

Азық сақтау жөніндегі нұсқаулар
53
Азық сақтау
• Банан, қауын сияқты төмен температурада тез
бұзылатын азықты сақтамаңыз.
• Сақтар алдында ыстық тағамдарды суытыңыз.Ыстық
тағамдарды тоңазытқышқа қойсаңыз, басқа азық
бұзылып, электрлік қуаттың тұтынуы өсуп кетуі мүмкін.
• Азықты қақпағы бар ыдысқа салып сақтаңыз.
Бұл шара ылғалдылықта сақтап, азықтың дəмі
мен нəрлігінің сақталуына септігін тигізеді.
• Желдету тесіктерін азықпен бітеп қоймаңыз.
Салқын ауаның кедергісіз айналуы температураны
біркелкі етіп сақтайды.
• Тоңазытқыштың есігін жиі-жиі аша беруге болмайды.
Есіктерді жиі-жиі ашу тоңазытқыштың ішіне жылы
ауаның кіруіне, бұл өз кезегінде электр энергиясын
жоғалтуға жəне азық-түліктердің мүмкін болатын
бұзылуына апарып соғады.
• Температураны реттеу оңай болу үшін температураны
реттеу тұтқасының жанына азық-түлік сақтамаңыз.
• Ешқашан есіктегі қалталарға өте көп азық салмаңыз,
себебі есік толығымен жабылмай қалуы мүмкін.
• Мұздатқыш камерасында шөлмектерді сақтамаңыз-
олар қатып қалғанда сынып кетуі мүмкін.
• Еріп бара жатқан азықты қайта мұздатпаңыз.
Азықтың дəмі мен нəрлігі жоғалады.
Ескертпе
Егер тоңазытқышты ыстық жəне ылғал жерге
орнатсаңыз, есігін жиі-жиі аша берсеңіз немесе
ішіне көп көкөніс салсаңыз, оның ішінде жұмысына
əсер етпейтін шық түзіледі.
Шықты шаң сүртетін шүберекпен сүртіп тастаңыз.