User manual

48
Азық сақтау
• Тоңазытқышта банан мен қауын сияқты,
төмен температурада жылдам бүлінетін
азық-түлікті сақтамаған дұрыс.
• Ыстық тамақты тоңазытқышқа қоярдан
бұрын суытып алыңыз. Суымаған ыстық
тағамдар тоңазытқышқа қойылғанда, басқа
тағамдардың бүлінуіне əкелуі мүмкін.
• Азық-түлікті сақтаған кезде қақпағы бар
ыдыс-аяқты пайдаланыңыз. Бұл ылғалдың
буланып ұшуына кедергі жасайды жəне
азық-түліктің дəмі мен нəрлі заттарын
сақтауға көмектеседі.
• Желдеткіш саңылауларды азық-түлікпен
бөгеп тастамаңыз. Суық ауаның үздіксіз
айналуы тоңазытқыштағы тұрақты
температураны ұстауға мүмкіндік береді.
• Есіктерді жиі аша беруге болмайды.
Есіктер ашылған кезде ішіне жылы ауа
кіреді де, бұл температураның
жоғарылауына əкеледі.
• Есікке орнатылған науаларда тым көп
азық-түлік сақтамаған жөн, себебі бұл
есіктің тығыз жабылуына кедергі жасауы
мүмкін.
• Шөлмектерді мұздатқыш бөлімшеде
сақтамаңыз – қатқан кезде олар сынып
кетуі мүмкін.
• Бұрын жібіген азық-түлікті қайта
мұздатпаңыз. Бұл дəмдік сипаттары мен
пайдалы заттарының ысырабына əкеледі.
• Тоңазытқышта фармацевтік өнімдерді,
ғылыми зерттеулерге арналған
материалдарды немесе температураға
осал келетін басқа өнімдерді сақтамау
керек. Тоңазытқышта температуралық
режимнің қатаң сақталуын талап ететін
азық-түлікті сақтауға болмайды.
• Егер жылы тағамдарды жылдам мұздату
қажет болса, оларды мұздатқыш
камераның астыңғы жəшігіне салыңыз да,
«Express Frz.» (жылдам мұздату)
түймешігін басыңыз.
• Тоңазытқышта жақсы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін мұздатқыш
камерадағы жəшіктерді түбіне дейін тіреп
қою керек.
Тазалау
1. Тазалау алдында.
Электр қуатының ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сырты мен іші.
Тоңазытқыш-мұздатқыштың сыртқы
жағын ыстық суға малынған таза
шүберекпен немесе сұйық жуғыш
затпен жуу керек. Жуғыш зат
қолданылған жағдайда, оны соңынан
таза сулықпен сүрту қажет.
3. Тазалағаннан кейін.
Қуат сымының бүлінбегенін, ашаның
қатты қызып кетпегенін, оның розеткаға
мықтап сұғылғанын тексеріңіз.
Тоңазытқышты жуғаннан кейін оны құрғақ
сулықпен əбден құрғатып сүрту қажет.
Түрпілі заттарды, бензинді, бензолды,
еріткішті, хлоргидратты, ыстық суды, қатты
шөткені жəне т.с.с. пайдалануға тыйым
салынады, себебі бұл тоңазытқыш-
мұздатқыштың бұзылуына əкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
АЗЫҚ САҚТАУ НҰСҚАМАЛАРЫ
КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ