User manual

31
КІРІСПЕ
Жарақат алу, мүлікке нұқсан келу немесе
бұйымды дұрыс пайдаланбау тəуекелін
болдырмау үшін қауіпсіздік бойынша келесі
нұсқауларды орындау қажет. (Осы
нұсқаулықпен танысқаннан кейін оны қауіпсіз
əрі оңай жететін жерде сақтау керек). Оны
тоңазытқыштің келесі иесіне табыстауды
ұмытпаңыз.
ҚТ жөніндегі маңызды нұсқаулар
Осы тауардың қызмет мерзімі –
тұтынушыға сатылған күнінен бастап 7
жылды құрайды. Өндіруші осы
нұсқаулықта көрсетілген іске пайдалану
ережелері сақталмаған жағдайда,
жауапкершілік көтермейді.
• Іске пайдалануды бастардан бұрын, осы
тоңазытқыш-мұздатқышты орнату бойынша
нұсқаулыққа сəйкес тиісті түрде орнату
жəне қосу керек.
• Осы электр аспабын бөлшектеуге,
жөндеуге немесе конструкциясына
өзгертулер енгізуге тыйым салынады. Бұл
өртке немесе оның жұмысындағы
ақаулықтарға əкеліп соғуы мүмкін, ол
болса, жазатайым оқиғаға себеп болуы
мүмкін.
• Осы бұйымды іске пайдаланған кезде өрт
туындаудың, электр тогынан зақым алудың
немесе жарақаттар алудың тəуекелдігін
төмендету үшін, негізгі сақтық шараларын
сақтау қажет.
1. Электр қуатының көзіне қосқан кезде.
Бөлек розетканы пайдалану керек.
Бірнеше аспап үшін бір
розетканы пайдалану
жануға əкеліп соғуы мүмкін.
Ашаға су тигені немесе
ашаның зақымдалуы
өрттің немесе электр
тогынан зақым алудың
себебіне айналуы мүмкін.
Желілік сымның шамадан тыс иіліуіне жол
бермеңіз жəне оның ауыр
затпен басылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз. Жаншылып
қалған болса, кабель
зақымдалуы мүмкін, ол
өз кезегінде өртке
немесе электр тоғы соғуына əкеліп соғуы
мүмкін.
Желілік кабельді алмастыруға немесе
оның ұзындығын өзгертуге тыйым
салынады. Бұл кабельді
зақымдауы мүмкін, ол өз
кезегінде өртке немесе
қысқа тұйықталуға əкеліп
соғуы мүмкін. Егер желілік
кабель зақымдалған болса,
оны алмастыру керек.
Қауіпті болдырмас үшін, бұл жұмысты
сервистік агент немесе басқа бір білікті
маман орындауға тиіс.
Кабельді тартуға немесе дымқыл қолмен
ашаны ұстауға болмайды.
Бұл электр тогынан
зақым алуға немесе
жарақаттануға əкеліп
соғуы мүмкін.
Ашаны құрғатып сүртіңіз, оны шаңнан
тазартып, розеткаға
дұрыстап сұғыңыз.
Шаң, су немесе осал
түйіспе өрттің немесе
электр тогынан зақымданудың
себебі болып табылуы мүмкін.
жоқ
жоқ
Тоңазытқыш жерге қосылған болуға тиіс.
Дұрыс орындалмаған
жерге қосу істен
шығуға немесе электр
тогынан зақым алуға
əкеліп соғуы мүмкін.
Егер желілік кабельдің немесе ашаның
зақымдалғаны немесе розетканың
ұяларының осал түйіспесі
анықталса, оларды
пайдалануға болмайды.
Бұл электр тогынан зақым
алуға немесе қысқа
тұйықталуға əкеліп соғуы, оның өрттің
себебі болып табылуы мүмкін.
Жерге
тұйықтау сымы
30 дюймнан
(80 см) артық
Мыс
табақша
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
САҚ
БОЛЫҢЫЗ!
Өлімге тап болу
мүмкіндігі немесе
күрделі жарақат алу
туралы ескерту.
Жарақат алу
мүмкіндігі немесе
мүлікке зақым келтіру
туралы ескерту.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ҚАЗАҚША