User manual

35
КІРІСПЕ
Аспап дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
қабілеті төмен, немесе осы өмір
тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдардың (соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану
бойынша нұсқау бермесе, олардың
қолдануына арналмаған. Балалар
аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі
қадағалап отыру керек.
• Тоңазытқыштың корпусындағы немесе
тоңазытқыш кірістірілетін конструкцияға
орнатылатын жағдайда, желдету
тесіктерін көлегейлемеңіз.
• Егер олар өндірушімен ұсынылмаған
болса, жібітуді тездету үшін
механикалық айлақұралдарды немесе
басқа құралдарды қолданбаңыз.
• Салқындатқыш контурдың
зақымдалуынан абай болыңыз.
• Егер олар өндірушімен ұсынылмаған
болса, өнімдерге арналған
бөлімшелердің ішінде электр
аспаптарын қоспаңыз.
Изобутан (R600a) қоршаған орта үшін
қауіпсіз газ болып табылады, бірақ ол
жанғыш. Бұйымды тасымалдау жəне
орнату кезінде салқындатқыш контурдың
элементтерінің бір де бірінің
зақымдалмауын қадағалау керек.
Тоңазытқыш агенттің жылыстауы жануға
немесе көздің жарақатына əкеліп соғуы
мүмкін. Жылыстау анықталған жағдайда,
үй-жайдан барлық ашық от көздерін
немесе əлуеттегі жану көздерін алып
шығып, үй-жайды бірнеше минут бойы
желдетіңіз.
Салқындатқыш контурдағы жылыстау
жағдайында, газдардың өрт қауіпті
қоспасының құрылуына жол бермеу үшін,
бұйым орнатылатын үй-жайдың ауданы
минималды жол берілетін ауданнан үлкен
болуға тиіс жəне пайдаланылатын
тоңазытқыш агенттің санына байланысты.
Үй-жайдың ауданы бұйымда
пайдаланылатын R600a тоңазытқыш
агентінің əрбір 8 грамына кем дегенде
1 м есептен айқындалады.
Пайдаланылатын тоңазытқыш агенттің
саны мұздатқыш камераға бекітілген
затбелгіде көрсетілген. Қандай да бір
зақымдалу нышандары бар аспапты қосуға
тыйым салынады. Шүбə болған жағдайда,
сатушыға хабарласыңыз.
2
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
ҚАЗАҚША