User manual

38
ОРНАТУ
1. Лайықты орынды таңдаңыз.
Тоңазытқышты пайдалануға жеңіл əрі
ыңғайлы болатын түрде
орналастырыңыз.
2. Тоңазытқышты жылу көздеріне жақын
жерде жəне тура күн көзі түсетін немесе
ылғалдылық жоғары аумақта
орналастырмаңыз.
3. Жемідер! Кернеу куатті көзi жəне
электртұрі ток, көрсетiлген мұсқауда, сіздің
жемілерды электр куат көзіны
параметрларымызбен сійкес болып
шығыды.
4. Қажетті ауа айналымын қамтамасыз ету
үшін тоңазытқыш-мұздатқыштың артында,
екі жағы мен үстінен жеткілікті орын
қалдыру керек. 1-суретте көрсетілгендей,
құрылғының артқы қабырғасының үстіңгі
бұрыштарына шектеуіш тіреулер
орнатыңыз.
5. 2-суретте тіреулер тоңазытқыш
камераның ішіндегі есік себетінде
жеткізіледі.
Оңтайлы жылу алмасу үшін жəне электр
қуатын тұтыну көлемін азайту үшін
құрылғының үстінен, артқы, сондай-ақ
бүйір қабырғалары мен бөлме
қабырғасының арасында кем дегенде 5 см
бос жер қалдыруды ұсынамыз.
6. Тоңазытқыштың сыртқы жағындағы
дөңгелек жапсырмаларды алып
тастамаңыз. Олар технологиялық
саңылауларды жауып, безендіргіш рөл
атқарады.
7. Дірілді болдырмас үшін, тоңазытқыштың
орнатылуын деңгей бойынша тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, еденнің кедір-
бұдырының орнын толтыру үшін, реттеуші
бұрандаларды бұраңыз. Есік жақсырақ
жабылуы үшін, тоңазытқыш сəл артқа
шалқайтылған болуға тиіс. Реттеуші
бұрандаларды бұру үшін, тоңазытқышты
сəл еңкейтіңіз. Тоңазытқыштың алдыңғы
бөлігін сəл көтеру үшін, реттеуші
бұрандаларды сағат тіліне қарсы ( ),
ал түсіру үшін – сағат тілінің
бағытыме ( ) бұрыңыз.
8. Пайдаланардың алдында, тоңазытқышты
мұқият жуыңыз.
Орнату
+10 дан +32 -ке дейін
+16 дан +43 -ке дейiн
+16 дан +38 -ке дейiн
+16 дан +32 -ке дейiн
SN
N
T
ST
Iске қосу
Тоңазытқышты алғаш орнатқан кезде,
ішінде жұмыс температурасы орнау үшін,
оған 2-3 сағат жұмыс істеуге мүмкіндік
беріңіз де, тек содан кейін оны жаңа
немесе мұздаған өнімдерге толтырыңыз.
Тоңазытқышты желіден ажыратқаннан
кейін, оны қайтадан кем дегенде 5
минуттан соң қосу керек. Енді
тоңазытқыш-мұздатқыш жұмысқа дайын.
Климаттық сыныбы
Құрылғы климаттық белдеуге
байланысты қоршаған ортаның
температураларының шектеулі
диапазонында жұмыс істеуге арналған.
Аспапты белгіленген шектерден асатын
температура жағдайында пайдалануға
тыйым салынады. Сіздің аспабыңыздың
климаттық сыныбы мұздатқыш бөлімнің
ішінде орналастырылған техникалық
сипаттамасы бар затбелгіде көрсетілген.
Сынып
Шартты
белгісі
Қоршаған орта
температураларының
ауқымы, °C
Орташа
ұлғайтылған
ауқым
Орташа
Субтропик
Тропик
9. Мұзға арналған сыйымдылық секілді
жəне басқа алмалы бөлшектерді тиісті
орындарына салыңыз. Олар
тасымалданған уақытта ықтимал
сынуға жол бермеу үшін, барлығы
бірге қапталған.
10. Қуат сымын (ашаны) розеткаға сұғыңыз.
Бұл розеткаға басқа электр аспаптарын
қоспаңыз.