User manual

46
Тоңазытқышқа биік заттарды, мысалы,
шөлмектерді қою үшін сөренің алдыңғы
жартысын көтеріп, оны артқа сырғыту қажет.
Сөрені бастапқы қалпына қайтару үшін оны
көтеріңіз де, өзіңізге қарай тартыңыз.
Жиналмалы шыны сөре Мұз дайындау
Мұз салатын науасы бар сауытты алып
шығыңыз. Мұз салатын науаның
көрсетілген деңгейіне дейін су құйыңыз да,
орнына қойыңыз.
Мұз салатын науасы бар сауытты
мұздатқыш бөлімшенің үстіңгі немесе
ортаңғы жəшігіне қоюға болады.
Егер мұз текшелері тез қажет болса,
«EXPRESS FRZ.» (жылдам мұздату)
түймешігін немесе «EXPRESS FRZ./ECO
FRIENDLY» (жылдам
мұздату/қоршаған орта
үшін қауіпсіз) (үлгісіне
қарай) түймешігін
басыңыз.
Мұз текшелерін алып
шығу үшін науаны екі
шетінен ұстап, сəл ғана
бұраңыз.
КЕҢЕС
Мұз текшелері оңай алынуы үшін əуелі
науаның үстінен су құйыңыз.
ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ