User manual

38
Кіріспе
ЕСКЕРТУ
Пайдалану алдында бұл тоңазытқыш-мұздатқышты
орн
ату нұсқаулыұтарға сəйкес тиісті түрде орнатып,
орналастыру керек.
Екі камералы тоңазытқышыңызды ешқашан оның
қуат сымын жұлып алып қуат көзінен ажыратпаңыз.
Əрқашанда шанышқыны қатты ұстап, қуат көзінен тік
суырып алыңыз.
Қондырғыны қабырғадан алыстатқанда қуат сымын
басып кетпеңіз немесе оны зақымдаңыз.
Тоңазытқышыңыз істеп тұрғанда, əсіресе су немесе
ылғал қолыңызбен, мұздатқыш камера ішіндегі суық
беттерді ұстамаңыз. Тері өте суық беттерге жабысып
қалуы мүмкін.
Екі камералы тоңазытқышты тазарту алдында қуат
көзінен ажыратыңыз.
Ешқашан қуат сымын зақымдамаңыз, қатты
майыстырмаңыз, жұлмаңыз немесе бұрамаңыз,
өйткені зақымдалған қуат сымы өрттің немесе
электрлік соққының себебі болуы мүмкін.
Ешқашан шыны ыдыстарды мұздатқыштың ішіне
қоймаңыз, өйткені ішіндегісі қатып қалғанда олар
сынып кетуі мүмкін.
Екі камералы тоңазытқыштың ішіне немесе сыртына
тікелей су шашпаңыз.
Жарылып немесе өртеніп кетуі мүмкін.
Су қолыңызбен қуат шанышқыны ұстамаңыз.
Электрлік соққы алуыңыз мүмкін.
Суға толы ыдысты қондырғының үстіне қоймаңыз.
Егер кез келген электрлік бөлшегіне су құйылса, өртке
немесе электрлік соққыға əкелуі мүмкін.
Екі камералы тоңазытқышты оған су тиетін дымқыл
жерге орнатпаңыз.
Электрлік бөлшектерінің дұрыс оқшауланбауы
электрлік соққының немесе өрттің себебі болуы
мүмкін.
ҚТ жөніндегі маңызды нұсқаулар
Сақтық шаралары