User manual

Азық сақтау жөніндегі нұсқаулар
47
Азық сақтау
Егер тоңазытқышты ыстық жəне ылғал жерге
орн
атсаңыз, есігін жиі-жиі аша берсеңіз немесе ішіне көп
көкөніс салсаңыз, оның ішінде жұмысына əсер етпейтін
шы
қ түзіледі.
Шықты шаң сүртетін шүберекпен сүртіп тастаңыз.
Ескертпе
Банан, қауын сияқты төмен температурада тез
бұзылатын азықты сақтамаңыз.
Сақтар алдында ыстық тағамдарды суытыңыз.
Ыстық тағамдарды тоңазытқышқа қойсаңыз, басқа
азық бұзылып, электрлік қуаттың тұтынуы өсуп кетуі
мүмкін.
Азықты қақпағы бар ыдысқа салып сақтаңыз.
Бұл шара ылғалдылықта сақтап, азықтың дəмі мен
нəрлігінің сақталуына септігін тигізеді.
Желдету тесіктерін азықпен бітеп қоймаңыз.
Салқын ауаның кедергісіз айналуы температураны
біркелкі етіп сақтайды.
Есікті жиі-жиі аша бермеңіз.
Есікті ашқанда, ішіне жылы ауа кіріп кетіп,
температураны көтереді.
Температураны реттеу оңай болу үшін температураны
реттеу тұтқасының жанына азық-түлік сақтамаңыз.
Ешқашан есіктегі қалталарға өте көп азық салмаңыз,
себебі есік толығымен жабылмай қалуы мүмкін.
Мұздатқыш камерасында шөлмектерді сақтамаңыз-
олар қатып қалғанда сынып кетуі мүмкін.
Еріп бара жатқан азықты қайта мұздатпаңыз.
Азықтың дəмі мен нəрлігі жоғалады.