User manual

2 KK
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/support торабында тіркеңіз.
1 Қауіпсіздік
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
a Осы нұсқауларды оқыңыз.
b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз.
c Барлық ескертулерді ескеріңіз.
d Барлық нұсқауларды орындаңыз.
e Бұл құрылғыны судың жанында қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
g Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу
шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде
күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
h Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/қосалқы
құралдарды қолданыңыз.
i Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет
көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғы қандай да бір
жолмен зақымданғанда, мысалы, құрылғыға сұйықтық
төгіліп кеткен немесе бір заттар құлап түскенде, құрылғы
жаңбырдың астында немесе ылғалда қалғанда, қалыпты
жұмыс істемей тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет
көрсету қажет.