Manual

- Шаң сорғышты немесе зарядтаушыны, егер олар зақымдалған
болса, қолдануға болмайды.
- Зарядтаушыны және адапторды алмастыру мүмкін емес. Егер
зарядтаушы немесе адаптор зақымдалған болса, құралды тастау
керек.
- Адаптерде түрлендіргіш бар. Адаптерді кесіп алып тастап, оның
орнына басқа шанышқы қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды
пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі,
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балалар да
кіреді) бұл құралды қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.

- Зарядтаушы қондырғыны тазалар алдында адапторды
қабырғадағы розеткадан суырып алыңыз.
- Шаң сорғышты текқана бірге қамтамасыз етілген адаптормен
ғана зарядтаңыз. Зарядталып жатқанда адаптор кішкене ысып
кетеді. Ол әдеттегі нәрсе.
- Құралды қолданып болғаннан соң, оны сөндіріңіз.
- Зарядтайтын бөліктегі байланыс таспаларының вольтажы төмен
болғандықтан (ең көп дегенде12 вольт), ол қауіпті емес.
- Шаңды сорып жатқанда, жұмыс жасап болған ауаны шығаратын
тесікшелерді жаппаңыз.
- Құралды қайта зарядтап жатқанда оны сөндіріп қойыңыз.
- Шаң сорғышты фильтр бөлігімен ғана қолданыңыз.
- Қабырғаға орнататын ұстағышқа арналған тесікшелерді дрельмен
жасап жатқанда, әсіресе ол қабырға розеткаларына жақын болса,
электр сандырағынан абай болыңыз.
- Құралды тек 5°C және 35°C температурасы аралығында ғана
зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
- Батареяларды алып тастауға немесе оларды қоспастан тікелей
тұйықтауға болмайды. Батареяларды оттан, қызудан және тікелей
күн сәулесі түсуінен сақтаңыз.
- Шу деңгейі: Lc= 84 дБ(A)
62