Manual with important information

- Құрылғыны тазалау үшін еш уақытта қысылған
ауаны, қырғыштарды, абразивті тазалағыш
заттар немесе агрессивтік сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз.
- Максималды шу деңгейі: Lc = 75dB(A).
- Тек түпнұсқалы Philips аксессуарларын немесе
тұтынылатын заттарын пайдаланыңыз. Тек
алынбалы HQ8505 қуат құралын
пайдаланыңыз.
- Өнімді тек 5°C және 35°C аралығындағы
температурада зарядтаңыз, қолданыңыз және
сақтаңыз.
- Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және
тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
- Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі
өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ
уақыт алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды
тоқтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз.
- Өнімдерді және батареяларын микротолқынды
пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті
заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға
немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері
күйде зарядтауға болмайды.
- Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге
немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке
жүгініңіз.
- Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім
және батареялар құрған екендігіне көз
жеткізіңіз.
- Батареяларды алғаннан кейін, кездейсоқ қысқа
тұйықтап алмау үшін батарея клеммаларын
металл заттарға (мысалы, тиындар,
қыстырғыштар, сақиналар) тигізбеңіз.
Батареяларды алюминий жұқалтырға
орамаңыз. Қоқысқа тастау алдында батарея
клеммаларын ораңыз немесе батареяларды
пластик қалтаға салыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Өңдеу
- Бұл белгі электр өнімдері мен батареяларды
күнделікті үй қоқыстарымен (сурет 2) бірге
тастауға болмайтынын білдіреді.
- Электр өнімдері мен батареяларды бөлек
жинау бойынша жергілікті ережелерді
орындаңыз.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Өнімді тастау кезінде қайта зарядталатын
батареяны ғана алып тастаңыз. Батареяны алу
алдында өнім қабырға розеткасынан
ажыратылғанын және батарея заряды
толығымен таусылғанын тексеріңіз.
Өнімді ашу үшін құралдарды қолдану кезінде
және қайта зарядталатын батареяны қоқысқа
тастау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын
орындаңыз.
1 Құралдың алдыңғы немесе артқы жағында
бұрандалардың бар-жоғын тексеріңіз. Бар
болса, алып тастаңыз.
2 Құралдың артқы және/немесе алдыңғы панелін
жалпақ басты бұрауышпен алып тастаңыз.
Қажет болғанда қайта зарядталатын
батареямен басып шығарылған тізбек тақтасы
көрінгенше қосымша бұрандаларды
және/немесе бөлшектерді алып тастаңыз.
3 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Шаш қиятын құрылғы
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.",
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды.
Ресей және Кедендік Одақ территориясына
импорттаушы: "ФИЛИПС" ЖШҚ, Ресей
Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы, Сергей
Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111.
HQ8505: КIРУ 100-240 V ; 50/60 Hz; 7,5 W
немесе 9 W ШЫҒУ: 15 V , 5,4 W
HC7460, HC9450: Кіріктірілген батарея Li-ion
II- класс
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған.
Қытайда жасалған
Сақтау шарттары, пайдалану
Температура 5°C - 35°C
Салыстырмалы ылғалдылық 20% -
95%
Атмосфералық қысым 85 - 109
kPa
Пластик емес бума материалдарында
қағаз немесе картон бар.
Пластик бума материалдарында LDPE
бар, басқаша көрсетілмеген жағдайда.