User manual

- Қауіп-қатер мен оттан сақ болу үшін, қоқымдарды қоқымдарға арналған легеннен тазалап
отырыңыз. Қоқымдарға арналған леген дұрыс орнатылғандығына көзіңізді жеткізіңіз.
- Егер тостерден от немесе түтін шыға бастаса, оны дереу тоқтан суырып тастаңыз.
- Құрал тек қана нанды тостерлеуге арналған. Басқа ешқандай затты құралға салмаңыз,
себебі бұл зақым әкелетін жағдай туғызуы мүмкін.

- Қуат сымы үстелдің немесе құрылғы қойылған беттің шетінен салбырап тұрмау керек.
- Жұмыс істеп тұрғанда қызып кететіндіктен, тостердің темір бөліктерін қолмен ұстауға
болмайды. Тек басқару құралдарын ұстап, құралды тұтқаларынан ұстап көтеріңіз.
- Тостерді ыстық бетке қоюға болмайды.
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Қолданып болған соң құралды міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
- Тостер тек үйде қолдануға жасалған және оны тек үйдің ішінде ғана қолдануға болады.
Оны коммерциялық немесе индустриялық мақсатпен қолдануға болмайды.
- Егер нан тостер ішінде кептеліп қалса, құралды өшіріп, әбден суығанша қалдырыңыз, тек
содан соң нанды шығаруға тырысуыңызға болады. Пышақты немесе басқа өткір құралды
қолдануға болмайды, себебі олар ысыту элементтеріне зақым тигізуі мүмкін.
- Қыздыратын сөре тек тоқаштар мен круассандарды қыздыруға арналған. Басқа
тағамдарды қыздыратын сөреге қоймаңыз, себебі бұл қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

1 Барлық жабыстырылған стикерлерді алып тастап, дымқыл шүберекпен құралды сүртіп
шығыңыз.
2 Тостерді жақсы желдетілетін бөлмеге қойып, ең жоғары қызарту
бағдарламасын таңдаңыз.
3 Ішіне нан салмастан бірнеше қызарту процедурасын орындаңыз.
Бұл айламен сіз құралда жиналып қалуы мүмкін кез келген шаңды жандырып жіберіп,
нанды тостерлегенде пайда болуы мүмкін жағымсыз иістен арыласыз.

Тостерді қадағалаусыз қолдануға болмайды.
1 Қуат сымының ұзындығын реттеу үшін, сымды құралдың түбіндегі қампсырмаларға орап
қойыңыз (Cурет 2).
2 Құралды тегіс, жайлы бетке, перделерден және басқа жылдам жанып кетуі мүмкін
материалдардан алшақтау жерге қойыңыз.
3 Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.

1 Тостерге бір немесе екі нан тілімін салыңыз (Cурет 3).
2 7 қызарту режимін таңдау үшін, дисплейде 7 көрсетілгенше режим түймесін басып
тұрыңыз. Алдыңғы таңдалған режимге қарай, режим түймесін бір немесе бірнеше рет
басу керек болуы мүмкін. (Cурет 4)
38