User manual

55

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Philips Wake-up Light құралы ояну сәтін жағымды қылуға жағдай жасайды. Ояну уақытына 30
минут қалғанда шамның жарығы қосылып, біртіндеп орнатылған жарықтық деңгейіне барады.
Жарық денеңізді орнатылған уақытта оянуға биязылықпен дайындайды. Оянуды одан да
жағымды қылу үшін табиғат дыбыстарын немесе FM радиосын пайдалануға болады (тек HF3470).

Ұйқының соңғы жарты сағат уақытында Philips Wake-up Light жарық оятқышы денеңіздің
оянуына жағымды жағдай тудырады. Таңғы уақытта адам көзі күндізгіге қарағанда жарыққа өте
сезімтал болады. Осы кезеңде табиғи таң сәріні ұқсататын салыстырмалы төмен қарқынды
жарық денені оянуға және дабылды қабылдауға дайындайды. Wake-up Light жарық оятқышын
пайдаланатын адамдар әдеттегіден жеңіл оянып, таңертеңгі көңілдері көтеріңкі және күш-
қуаттары жоғары болады. Жарыққа сезімталдықтың әр адамда әр түрлі болғандықтан, күніңіз
жақсы басталу үшін сіздегі Wake-up Light жарық оятқышыңыздың жарық қарқынын өзіңізге
ыңғайлап қоюыңызға болады.
Wake-up Light жарық оятқышы жөнінде қосымша ақпарат үшін www.philips.com сайтын қараңыз.

A Булықтар
B Лампа орны
C Қуат сымы
D Антенна
E Дисплей
1 Уақыт пен оятқыш уақытының сағаттық көрсеткіші.
2 Уақыт белгісі
3 Оятқыш белгісі
4 Радио белгісі (тек HF3470)
5 «Құстар» дыбысының белгісі (тек HF3470)
6 «Зуылдақ» дыбысының белгісі
7 Дисплей жарықтығының белгісі
8 Дыбыс деңгейінің белгісі
9 Радио жиілігінің белгісі (тек HF3470)
10 Жарық белгісі
F Мәзірдің «-» түймешігі
G MENU (Мәзір) түймесі
H SELECT (Таңдау) түймешігі
I Мәзірдің «+» түймешігі
J «Оятқышты қосу», «оятқышты өшіру» және «қалғу» қалыптары бар басқару рычагы
K Құралдың бүйіріндегі түймешіктер
1 Жарық қарқынының «+» түймешігі
2 Жарықты қосу/өшіру түймешігі
3 Жарық қарқынының «-» түймешігі
4 Дыбыс деңгейін көтеру түймешігі
5 Радионы қосу/өшіру түймешігі (тек HF3470)
6 Дыбыс деңгейін азайту түймешігі
