operation manual

59
Қазақ
KK
Ескертпе
Електі әрдайым қолданар алдында тексеріңіз.
Жарық, сынық немесе торы бос диск сияқты
қандай да бір зақымды байқасаңыз, шырын
сыққышты пайдаланбаңыз.
Азық-түліктерді өңдеу алдында, қара өріктер,
өріктер, шабдалылар мен шиелерден барлық
сүйектері мен дәндерін, ананастардан,
қауындардан және т.б. қатты қабықтарын
алып тастаңыз.
Шырын сыққыш ыдысына қақпақты дұрыс
бекіткенде сырт еткен дыбыс естисіз.
Блендер
Бастамас бұрын, келесі суретке сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 9-сур.
Блендерді жеміс-жидектен, көкөніс пен
судан немесе басқа сұйық азықтан сүт
коктейльдерін, шырын, көже мен тұздықтар
дайындау үшін пайдалануға болады. Оны
сондай-ақ майонез жасау үшін пайдалануға
да болады.
Мұзды ұсақтау үшін тұтқаны ҚОСУ
позициясына бұрап, мұз алдын ала
орнатылған түймесін басыңыз. Тоқтату
үшін түймені қайтадан басыңыз.
Ескертпе
Блендер қосылып тұрғанда, құмыраға
қолыңызды немесе басқа затты салмаңыз.
Пышақтарды блендер құмырасына тақпас
бұрын оған сақина тығыздағышты салыңыз.
Өңдеу барысында сұйық азықтарды қосу үшін,
оларды блендер құмырасына азық салынатын
тесік арқылы құйыңыз.
Өңдемес бұрын, азықты кішкентай етіп
бөлшектеп алыңыз.
Көп мөлшерде дайындау керек болса, бірден
көп азық салмай, кішкентай партияларға
бөліңіз.
Тасымауы үшін: ыстық немесе көбіктенетін
(мысалы, сүт) сұйықтықтарды өңдегенде,
блендер құмырасына 1 литрден артық
сұйықтық құймаңыз.
Азықтарды блендер құмырасына жоғарғы
деңгейден асырмай салыңыз.
Ұсатқышты кофе дәндерін, бұрыш дәндерін,
жаңғақтарды, асшөптерді және кептірілген
жемістерді ұсақтау үшін қолдануға болады.
Інжір сияқты кептірілген жемістерді ұсақтап,
йогурттың бетіне себуге немесе нанға не
печеньеге салуға пайдалануға болады.
Кептірілген інжірді өңдегенде жақсы
нәтижелерге қол жеткізу үшін ең көбі 60
г інжірді 7 секунд бойы P жылдамдығында
өңдеңіз.
Ескертпе
Шағын диірмен құмырасын және пышақты
қосымша қосалқы құрал ретінде Philips
дилеріне немесе Philips қызмет көрсету
орталығына тапсырыс беруге болады.
10-кестедегі кеңестерді орындаңыз. Диірмен
құмырасында көрсетілген максималды
деңгейінен аспаңыз.
Үлкен шырын сыққыш
(HR7778 , HR7783)
Бастамас бұрын, келесі суретке сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 8-сур.
Сәбіз, алма, қарбыз, алмұрт, жүзім және
ананас сияқты жемістер мен көкөністердің
1,5 кг-нан шырын дайындау үшін үлкен
шырын сыққышты пайдалануға болады.
Ескерту
Тамақ салатын түтікке ешқашан қолыңызды
немесе басқа затты (мысалы, шанышқы,
пышақ, қасық немесе қалақша) салмаңыз. Бұл
мақсат үшін тек жинақпен бірге берілген
тығындағышты қолданыңыз.
Қақпақты аларда електің айналуы толық
тоқтағанша күтіңіз.