operation manual


- Ұстараны суға батырмаңыз.
- Бұл құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолдануға
болмайды.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
- Ұстараны ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- Зақымданған ұстараны, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін. Зақымданған
адаптерді, зарядтағышты немесе бөлшектерді тек түпнұсқа
түрлерімен ауыстырыңыз.
- Құралды тек 10°C және 35°C температура аралығында ғана
қолдануға, зарядтауға және сақтауға болады.
- Ұстараны міндетті түрде сұйықтық өткізбейтін бетке қойып,
пайдаланыңыз.
- Тек берілген адаптерді, зарядтау құралын және қосалқы құралдарды
пайдаланыңыз.
- Жарақаттанып қалмас үшін және қырыну бастарында шаң жиналып
қалмас үшін әрдайым қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз.

- Осы Philips құралы электромагниттік өрістердің туындауына
қатысты барлық стандарттар мен ережелерге сай келеді және оны
ағын су астында қауіпсіз жууға болады.

- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.

PT919/PT866/PT860: ұстараны толық зарядтау үшін шамамен 1 сағат
уақыт кетеді.
PT845/PT739/PT737/PT731/PT730//PT727/PT726/PT725/PT721/PT720:
ұстараны толық зарядтау үшін шамамен 8 сағат уақыт кетеді.
Ұстараны алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданбағаннан соң
зарядтағанда, зарядтау шамы тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Толығымен зарядталған ұстарамен 50 минуттан (PT919/PT866/
PT860) немесе 45 минуттан (PT845/PT739/PT737/PT731/PT730//
PT727/PT726/PT725/PT721/PT720) артық қырынуға болады.
Қырыну әдетіңізге, тазалау дағдыларыңызға немесе сақал түріне
байланысты қырыну уақыты 50 минуттан (PT919/PT866/PT860) немесе
45 минуттан (PT845/PT739/PT737/PT731/PT730//PT727/PT726/PT725/
PT721/PT720) аз болуы мүмкін.
72