User manual

- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген арнайы мақсатта
қолданыңыз.
- Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам
ғана қолдануы тиіс.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын
шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын,
сондай-ақ бензин немесе ацетон сияқты
сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Ұстарада тазалау жүйесі бар болса, әрқашан
түпнұсқалық Philips тазалау сұйықтығын
(тазалау жүйесінің түріне байланысты картридж
немесе бөтелке) пайдаланыңыз.
- Су ағып кетпеуі үшін тазалау жүйесін әрдайым
тұрақты, тегіс және көлбеу жерге қойыңыз.
- Егер тазалау жүйесінде тазалау картриджі
пайдаланылса, ұстараны тазалау немесе
толтыру үшін тазалау жүйесін пайдалану
алдында әрқашан картридж бөлімі жабық екенін
тексеріңіз.
- Тазалау жүйесі қолдануға дайын болғанда
тазалау сұйықтығы ағып кетпеу үшін оны
қозғалтуға болмайды.
- Сіз ұстараны шайып жатқанда оның астындағы
тесіктен су тамшылауы мүмкін. Бұлқалыпты
жағдай және қауіпті емес, себебі бүкіл
электрондық бөлшектер ұстара ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін
электрлік ауа тазалау құралы бар қабырға
розеткалары жанында қуат құрылғысын
пайдаланбаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
- Бұл Philips құрылғысы электромагниттік
өрістерге қатысты барлық қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
294
Қазақша