User manual

- Батарея толығымен дерлік таусылғанда
(батареяда 5 минут немесе одан да аз қырыну
уақыты қалғанда), зарядтау шамы қызғылт сары
болып жыпылықтай бастайды.
- Құрылғыны өшіргенде зарядтау шамы бірнеше
секунд қызғылт сары болып жыпылықтап
тұрады.
Жылдам зарядтау
Бос батареяны зарядтауды бастағанда зарядтау
шамы кезекпен қызғылт сары және жасыл түсте
жыпылықтайды. Шамамен 3 минуттан кейін
зарядтау шамы тек жасыл түсте жыпылықтай
бастайды. Енді құрылғыда 5 минуттық қырынуға
жеткілікті энергия бар.
Зарядтау
- Құрылғы зарядталып жатқанда, зарядтау шамы
жасыл болып жыпылықтайды.
Батарея толығымен зарядталды
- Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтау
шамы жасыл болып жанып тұрады.
Ескертпе: Шамамен 30 минуттан соң, зарядтау
шамы қуатты үнемдеу үшін сөнеді.
Құрылғыны пайдалану
Ескертпе: Бұл құрылғыны сымсыз немесе қабырға
розеткасына қосылған кезде пайдалануға болады.
296
Қазақша