operation manual

21 Батарея белгісі
22 Тазалау белгісі
23 Ауыстыру белгісі
24 Дайын белгісі
25 Адаптер
26 Шағын аша
27 Қалта (тек кейбір үлгілерде болады)
Ескертпе. Жинақпен берілген қосалқы құралдар
әр түрлі өнімдерде өзгеше болуы мүмкін. Қорапта
құрылғымен бірге берілетін қосалқы құралдар
көрсетілген.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыны және оның қосалқы құралдарын
пайдаланудың алдында осы маңызды ақпаратты
мұқият оқып, оны болашақта пайдалану үшін
сақтаңыз. Бірге берілетін қосалқы құралдар әр
түрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді
ауыстыруға немесе оған басқа штепсельдерді
қосуға болмайды: бұл өте қауіпті.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы
балалар және дене, сезу немесе ақыл-ой
қабілеттері төмен, не болмаса тәжірибесі
және білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе
құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты
нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді
түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар
құрылғымен ойнамауы керек. Балалар тазалауды
және күтуді қадағалаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚША 205