User guide


Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.
- Құралды су немесе басқа сұйықтық тамып не шашырап кететін жерге қоюға болмайды.
- Сұйықтығы бар нәрсені нәресте модулінің үстіне қоюға болмайды.

- Нәресте қуат сымымен буынып қалмауы үшін нәресте модулі мен қуат сымын одан кемінде
1 метр/3,5 фут қашықтықта ұстаңыз. Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
- Құралды қосар алдында нәресте бөлігіндегі адапторда және зарядтаушы құралда
көрсетілген вольтаж жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп
алыңыз.
- Нәресте бөлігін тоққа қосу үшін тек қосымша қамтамасыз етілген адапторды ғана
қолданыңыз.
- Ата аналар бөлігін зарядтау үшін тек қосымша берілген адапторды ғана қолданыңыз.
- Адапторда трасформер бар. Адапторларды кесіп, оның орнына басқа шанышқы
орнатпаңыз, себебі бұл қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, адапторларға зақым тиген болса, оларды текқана түпнұсқалы
түрімен ғана алмастырыңыз. Дұрыс түрін табу үшін, «Алмастыру» тармағын қараңыз.
- Нәресте мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
- Электр сандырағын алмас үшін, нәресте және ата-ана бөліктерінің орнын ашпаңыз, тек
батарея орнын ғана ашуға болады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Құралды 7-40°C температурасы аралығында қолданыңыз және сақтаңыз.
- Нәресте және ата аналар бөлігін қатты ыстыққа, қатты суыққа, немесе тікелей күн шуағына
шалмаңыз.
- Нәресте бөлігін бөпенің төсегіне немесе манежінің ішіне қоймаңыз.
- Ата-аналар және нәресте бөліктерін ешқашан еш нәрсемен жаппаңыз (мәселен, сүлгі
немесе көрпеше).
- Нәресте бөлігіне әрдайым қайта зарядталмайтын батареялардың керекті түрін ғана
салыңыз.
- Ата-аналар бөлігіне әрдайым қайта зарядталатын батареялардың керекті түрін ғана
салыңыз.
- Ата-ана модулі таратқыш немесе басқа DECT құралының (яғни DECT телефонының
немесе сымсыз интернет маршрутизаторының) жанына қойылса, нәресте модулімен
байланыс жоғалуы мүмкін. Байланыс қайта орнатылғанша, нәресте бақылағышын сымсыз
құралдардан қашықтатыңыз.
- Жанында қалта телефоны қосылып тұрса, нәресте бақылағышында кедергілер пайда болуы
мүмкін.
- Радио кедергісі міндетті түрде болады және нәресте бақылағышының дыбысына әсер етуі
мүмкін.

- Бұл нәресте мониторы тек көмекші құрал ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті және
орнықты ересек бақылауын алмастыра алмайды, оны бұл мақсатпен қолдануға болмайды.
- Нәресте ұйқысына кедергі келтірмеу үшін мүмкін барлық шараларды қолданыңыз.
70