Инструкция по использованию

1110
KAZ
БАЙЛАНЫСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ
Осы құрылғыны қабырға кронштейннің көмегімен қабырғаға ілуіңізге болады.
+ Орнатудың сақтық шаралары
Тек тік қабырғаға орнатыңыз.
Орнату үшін температурасы немесе ылғалдылығы жоғары
жерде, не болмаса құрылғы салмағын көтере алмайтын
қабырғаға орнатпаңыз.
Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті
болмаса. Қабырғаны қатайтыңыз немесе құрылғыны
салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.
Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш,
т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе анкер болттарын
сатып алып, пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.
Қабырғаға орнату бұрандаларын Soundbar жүйесі
орнатылатын қабырғаның түрі мен қалыңдығына сай сатып
алыңыз.
- Диаметрі: M5
- Ұзындығы: L 35 мм немесе одан үлкенірегі ұсынылады
Құрылғыны қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін
сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
Орнатпас бұрын құрылғының сөніп және ажыратылып
тұрғанын тексеріңіз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
1. Орнату бағыттағышын қабырғаға жанастырып
орналастырыңыз.
• Орнату бағыттағышы тегіс болуы керек.
• Теледидар қабырғаға орнатылса, теледидардан кемінде
5 см төмен орналастырыңыз.
2. Қабырғадағы бұрандалар өтетін жерді қаламмен белгілеп,
орнату бағыттағышын алыңыз.
3. Қабырға ұстағыштары мен бұрандаларды белгіленген
жерлерге бекітіңіз.
• Сол және оң жақ ұстағыштардың пішіндері әртүрлі
болады.
4. Екі ұстағыш бұранданы Soundbar жүйесінің негізгі
корпусының артындағы сол және оң жақтағы бұранда
тесіктеріне бекітіңіз.
5. USB кабелін Soundbar жүйесінің артына оны қабырғаға орнатпастан бұрын кіргізіңіз.
6. Soundbar жүйесінің артындағы ұстағыш бұрандаларды қабырға ұстағышындағы ойықтарға орнатыңыз.
Қауіпсіз орнату үшін, ұстағыш бұрандаларды ойықтың бойымен төмен қарай соңына дейін басыңыз.
5 см немесе
көбірек
Soundbar жүйесін қабырға
ұстағышымен пайдалану
[Soundbar жүйесін қабырғаға орнату]
02805Z HW-J450-RU-KAZ-0109.indd 11 2015/2/7 11:26:27