Инструкция по использованию

2120
KAZ
ФУНКЦИЯЛАР
TV SOUNDCONNECT
Теледидар дыбысын TV SoundConnect функциясын қолдайтын Samsung теледидарына жалғанған Soundbar
арқылы ести аласыз.
+ Теледидарды Soundbar құралына жалғау
Қосу
1. Теледидарды және Soundbar құралын қосыңыз.
• Теледидар мәзірін қосыңыз.
• "Дыбыс" жиекбелгісінде Динамик
параметрлеріне жылжыңыз.
• "Жаңа құрылғы қосу" мәзірін "Қосу" мәніне
қойыңыз.
2. TV режимін таңдау үшін, негізгі құрылғының үстіңгі
панеліндегі ( ) түймесін немесе қашықтан
басқару құралындағы (SOURCE) түймесін
басыңыз.
3. Теледидарда TV SoundConnect функциясын қосуды
сұрау хабары пайда болады. Теледидардың экранында
"[Samsung] Soundbar" жазуы пайда болады.
4. Теледидар мен Soundbar жүйесін теледидардың
қашықтан басқару құралы арқылы қосуды аяқтау
үшін <Yes> (Иә) жауабын таңдаңыз.
Soundbar режимін теледидардан басқа
режимге ауыстыру TV SoundConnect
мүмкіндігін автоматты түрде тоқтатады.
Soundbar жүйесін басқа теледидарға қосу үшін,
бұрыннан бар қосылымды ажырату керек.
Бар теледидардағы байланысты тоқтатып,
басқа теледидарға қосу үшін қашықтан
басқару құралындағы +# түймесін 5 секунд
бойы басыңыз.
2012 жылдан бастап шығарылған кейбір
теледидарлар TV SoundConnect
(SoundShare) функциясын қолдайды. Бастау
алдында теледидарда TV SoundConnect
(SoundShare) функциясына қолдаудың
бар-жоғын тексеріңіз. (Қосымша мәліметтер
алу үшін теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.)
Сіздегі Samsung теледидары 2014 жылдан
бұрын шығарылған болса, SoundShare
setting мәзірін тексеріңіз.
Теледидар мен Soundbar жүйесінің
арасындағы қашықтық 5 метрден асса,
қосылыс тұрақты болмауы немесе дыбысы
тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай
жағдай орын алса, теледидар мен Soundbar
жүйесін жұмыс ауқымына қайта орнатып, TV
SoundConnect қосылымын қайта жасаңыз.
TV SoundConnect жұмыс ауқымы:
- Ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде
- Ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде
TV SoundConnect режимінде Play (Ойнату)/
Pause (Кідірту), Next (Келесі), Prev
(Алдыңғы) түймелері қолданылмайды.
+ Bluetooth POWER On
функциясын пайдалану
Bluetooth POWER On функциясын Soundbar жүйесін
Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға TV
SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға
болады. Bluetooth POWER On функциясы қосулы
болған кезде, жалғанған теледидарды қосса немесе
өшірсе, Soundbar қуаты да қосылып, өшеді.
1. Теледидарды Soundbar жүйесіне TV SoundConnect
функциясы арқылы жалғаңыз.
2. Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы
Bluetooth POWER түймесін басыңыз. Soundbar
жүйесінің дисплейінде "ON/OFF-BLUETOOTH
POWER" хабары көрсетіледі.
• ON-BLUETOOTH POWER : Теледидарды
қосқан және өшірген сайын Soundbar жүйесі де
қосылады және өшіріледі.
•
OFF-BLUETOOTH POWER
: Soundbar жүйесі
тек теледидарды өшіргенде ажыратылады.
Бұл функцияға тек 2013 жылдан бастап
шығарылған кейбір Samsung
теледидарларында қолдау көрсетіледі.
02805Z HW-J450-RU-KAZ-0109.indd 21 2015/2/7 11:26:31