Operation Manual

0478 201 9910 D - KK
470
Суарма шұңғыманың, шашырандыдан
қорғайтын панельдері бүтін болуы тиіс
жəне суарма тесікті толықтай жауып
тұруы тиіс, зақымданған
шашыратқышты айырбастау керек.
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыны тек дұрыс жиналған күйінде
ғана пайдалануға болады. Бөлшектер
қойылмаса (мысалы, дөңгелектер)
зақым алу қауіпін арттырады жəне
құрылғының орнықтылығын
төмендетеді.
Қолданар алдында ұсақтағыштың
дұрыс жиналғандығын көзбен қарап
тексеру қажет!
«Дұрыс жинау» деген сөздің мағынасы
тек барлық бөлшектердің орнатылуы
болып табылады, əсіресе ол мынаны
көрсетеді:
Шұңғыманың жоғарғы бөлігі
төменгісіне орнатылған,
шұңғыманың жоғарғы бөлігінде
шашырандыдан қорғайтын
панельдер мен VIKING төртжапырақ
түріндегі тесігі бар саптама
орнатылған,
суарма шұңғыма негізгі блокта
орнатылған, екі бекіткіш бұранда да
берік тартылған,
дөңгелек тірегі толықтай орнатылған,
екі дөңгелегі де орнатылған,
барлық қорғаушы құралдар (қоқысты
тастауға арналған саңылау,
шашырандыдан қорғайтын
панельдер жəне т.б.) орнатылып,
жұмысқа дайын болуы керек,
дискілі пышақ (кесетін бірлік)
орнатылған,
барлық пышақтар дұрыс орнатылған.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды.
Зақымдар мен майысқан жерлерінің
бар-жоғын тексеру арқылы дискілі
пышақты тексеріңіз жəне қажет
болғанда ауыстырыңыз.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Жұмыс барысында жұмыс аймағында
өзге заттар мен батпақ болмау керек.
Сүрініп кетуге болатын барлық
заттарды алып тастаңыз: тастар,
бұтақтар, сымдар жəне т.б.
Пайдаланушының орны ұсақтағышты
орналастырған орыннан жоғары
болмауы тиіс.
Іске қосу:
Іске қосар алдында құрылғыны сенімді
вертикалды күйде орналастырыңыз.
Горизонталды күйде пайдалануға
тыйым салынған.
«Қолданысқа енгізу» бөлімінің
нұсқауларын сақтай отырып, шапқышты
абайлап қосыңыз. (Ö 10.)
Бензинді немесе электр моторды іске
қосқан кезде материалдарды тастауға
арналған саңылаудың алдында тұруға
болмайды. Сөндірген кезде бақша
ұсақтағышының ішінде өңделіп жатқан
материалдар қалып қоймауы тиіс. Бұл
жағдайда материал сыртқа тасталып,
адамдарға зақым келтіруі мүмкін.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу / сөндіру «ойындарын»
болдырмаған жөн.
Электр қозғалтқышының қызып кету
қаупі!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін.
Бұл жағдайда келесі əрекеттерді
орындау қажет (мысалы, аспапты басқа
электр желісіне немесе кедергісі ең
төмен желіге қосуға болады).
Жұмыстың басталуы:
Жарақат алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектерге
қолдарыңызды немесе
аяқтарыңызды тигізуге
болмайды.