Instruction for Use

70
KZ
режим қолданылған келесі кезде ұсынылады. Таңдалған
температура пеш ішіндегі температурадан төмен болса,
Дисплейінде “Hot” сөзі көрсетіледі. Дегенмен, пісіруді
бастау мүмкін болады.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер
болса) іске қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы
қажет (“Тағам дайындау бойынша кеңес” бөлімін
қараңыз).
FAN GRILLING (ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ) режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар болса)
іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Айналу
кезінде айналдырып қыздыру элементі де іске қосылады.
Осы мүмкіндіктердің жиыны пештің күшейтілген ауа
айналымы мен қыздыру элементі арқылы берілетін бір
бағыттағы жылу бөлу тиімділігін арттырады. Бұл тағамның
күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және жылудың
тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет
(“Тағам дайындау бойынша кеңес” бөлімін қараңыз).
FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимі
Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған немесе
алдын ала пісірілген) тағамды жылдам пісіруге ыңғайлы
болып табылады. Жақсы нәтижеге бір тағам дайындау
тартпасын пайдалану арқылы қол жеткізесіз.
LOW TEMPERATURE (ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА)
режимі
Пісірудің бұл түрі тексеру, йогурт дайындау, қажетті
уақытта тамақты ысыту және төменгі температурада
ақырын ас пісіру үшін қолданылады. Температураның
опциялары: 40, 65 және 90°C.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде таралуын
қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға сезімтал
болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет ететін торт
сияқты тағамдар) дайындауға арналған.
PIZZA (ПИЦЦА) режимдері
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады
және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Мұның
нәтижесінде пеш жылдам қызады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
ECO (ЭКО) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш қосылады,
осылайша бүкіл пеш ішінде қызу біртіндеп, біркелкі түрде
таралады. Бұл қуат үнемдейтін режим кіші тағамдарға
ұсынылады, тағамдарды қыздыруға және пісіруді
аяқтауға қолайлы.
Бұрылмалы істік*
Гриль істігі функциясын іске қосу үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1.
Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2.
Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3. Істікте қуыру
функциясын немесе
режимдерін таңдау
арқылы іске қосыңыз;
! немесе
режимі іске қосылған кезде есік ашылса,
істік тоқтайды.
Автоматты пісіру режимдері
! Температура мен пісіру ұзақтығы алдын ала орнатылған
мәндер, олар әрқашан да автоматты түрде тамаша
нәтиже алатыныңызға кепілдік береді. Бұл мәндер C.O.P
(Бағдарламаланған оңтайлы пісіру) жүйесін пайдалану
арқылы реттеледі. Пісіру үрдісі автоматты түрде тоқтап,
пеш тамақтың піскенін көрсетеді. Пештің алдын ала
қыздырылғанына, әлде қыздырылмағанына қарамай,
пісіруге кірісуіңізге болады. Пісіру басталмас бұрын,
таңдалған бағдарламаға байланысты тиісті мәнді ±5/20
минутқа өзгерту арқылы пісіру ұзақтығын жеке қалауға
сәйкес реттеуге болады. Дегенмен, пісіру басталғаннан
кейін де ұзақтықты өзгертуге болады. Мән бағдарлама
басталмас бұрын өзгертілсе, ол жадқа сақталып,
бағдарлама келесі кезде қолданылғанда құрылғы оны
ұсынады. Пеш ішіндегі температура таңдалған режим
үшін ұсынылатын мәннен жоғары болса, дисплейінде “Hot”
жазуы көрсетіледі және пісіруді бастау мүмкін болмайды;
пештің салқындауын күтіңіз.
! Пісіру сатысына жеткен кезде, пештің дыбыстық белгісі
естіледі.
! Пештің есігін ашпаңыз, себебі бұл пісіру уақыты мен
температураны бұзуы мүмкін.
BAKED CAKES (ПІСІРІЛГЕН БӘЛІШ) режимі
Бұл функция табиғи ашытқы, қопсытқыш қосылып
дайындалатын тәттілерді, сондай-ақ ашытқысыз
дайындалатын тәттілерді пісіру үшін тамаша жарайды.
Тамақты пешке ол әлі қызбаған кезде салыңыз. Тамақты
алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
* Тек белгілі бір модельдерде бар.