Instruction for Use

KZ
71
BREAD (НАН) режимі
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Барынша
жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі нұсқауларды
мұқият орындауға кеңес береміз:
рецепт бойынша жасаңыз;
тұтқалы табаның ең үлкен салмағынан асырмаңыз;
5-ші позициядағы нан пісіретін науаға 50 г (0,5 дл)
суық су құюды ұмытпаңыз.
Қамырды бөлме температурасында көтерілгенше 1
1 ½ сағат (бөлменің температурасына қарай) немесе
қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше қалдырыңыз.
НАННЫҢ рецепті:
Ең көбі 1000 грамға арналған 1 тұтқалы таба, төмен деңгей
Ең көбі 1000 грамға арналған 2 тұтқалы таба, ортаңғы
және төмен деңгейлер
1000 г қамырға арналған рецепт: 600 г ұн, 360 г су, 11 г
тұз, 25 г табиғи ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус) ерітіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу арқылы ол
біртекті болып, жабысқақтығы кеткенше 10 минут илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да, қамыр
кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса орағышпен
жабыңыз. Пеште қолдан ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА
(LOW TEMPERATURE) функциясын таңдаңыз да,
температураны 40°C етіп орнатыңыз. Тегешті пештің
ішіне қойып, көтерілу үшін шамамен 1 сағат қалдырыңыз
(қамырдың көлемі екі есе үлкеюге тиіс).
Қамырды мөлшері бірдей бөлкелерге бөліңіз.
Оларды нан пісіретін қағаздың үстіне, тұтқалы табаға салыңыз.
Бөлкелердің бетіне ұн себіңіз.
Бөлкелердің бетінде тіліктер жасаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
BREAD (НАН) пісіру режимін іске қосыңыз.
Піскеннен кейін бөлкелерді гриль сөрелерінің бірінде
әбден суығанша қалдырыңыз.
Пісіруді бағдарламалау
! Тағам дайындау режимі бағдарламалау басталардан
бұрын таңдалуға тиіс.
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау
1. Дисплейде белгішесі мен сандар шыққанша
белгішесін басып тұрыңыз.
2. ТАЙМЕР тұтқасын және белгілері қарай
бұрап, уақытты тиісінше реттеңіз; сандарды жылдам
айналдырып, орнату процесін жеңілдету үшін тұтқаны
басып тұрыңыз.
3. Қажетті ұзақтыққа жеткенде белгішесін қайтадан
басыңыз. Дисплейде ұзақтық пен орнатылған
температура ауысып көрсетіліп тұрады.
4. Пісіруді бастау үшін түймесін басыңыз.
5. Пісіру аяқталғанда дисплейінде “END” жазуы пайда
болады да, дыбыстық белгі естіледі.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Пісіруді кідіртуді бағдарламалау
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
! Кешіктіріп бастау бағдарламасы дұрыс жұмыс істеуі
үшін сағат дұрыс уақытқа орнатылған болуы тиіс.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. белгішесін екі рет басыңыз: дисплейдегі
белгішесі мен сандар жыпылықтай бастайды.
3. Пісіру уақытының аяқталу мәнін дұрыстау үшін
ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН және белгілеріне қарай
бұраңыз.
4. Қажетті аяқталу уақытына жеткенде белгішесін
қайтадан басыңыз. Дисплейде ұзақтық, пісіру уақытының
аяқталуы және орнатылған температура ауысып
көрсетіліп тұрады.
5. Бағдарламаланған режимді қосу үшін белгішесін
басыңыз.
және белгішелері ауысып жыпылықтаса, демек
бағдарлама орнатылды. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу
уақыты мен орнатылған температураны алма-кезек
көрсетіп тұрады.
6. Пісіру аяқталғанда дисплейінде “END” жазуы пайда
болады да, дыбыстық белгі естіледі.
Мысалы: қазір таңертеңгі сағат 9:00 және уақыт 1 сағат
15 минутқа бағдарламаланған, ал аяқталатын уақыт
12:30 болып орнатылған. Бағдарлама сағат таңертеңгі
11:15:00 болғанда автоматты түрде басталады.
Бағдарламадан бас тарту үшін түймесін басыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Себебі, тым қатты тура бағытталған
қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! BARBECUE (БАРБЕКЮ) және FAN GRILLING
(ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ) пісіру режимдерінде,
әсіресе бұрылмалы істікті пайдаланған кезде, тағамның
қалдықтарын (май және (немесе) тоң май) жинау үшін
тұтқалы табаны 1-ші позицияға қойыңыз.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ
2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз, көбірек
қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне қойыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны үстіңгі
жаққа орнатыңыз.