Instruction for Use

KK184
Қалыпты жұмыс барысында индукциялық плиталардың үстінде материал түріне жəне тағамды өңдеуге
байланысты төменде сипатталған шу жəне діріл түрлері пайда болуы мүмкін:
Жанасу кезіндегі шу: бұл діріл түрі біріктірілген түрлі материалдардан жасалған табаларды
пайдалануға байланысты пайда болады.
Орташа-төмен қуат деңгейіндегі шырт еткен дыбыс: бұл шу қажетті төмен-орташа қуат
деңгейіне
жеткен кезде шығады.
Ырғақты шырт еткен дыбыстар: бұл шу бірнеше дайындау аймақтарын пайдаланған кезде жəне /
немесе жоғары өнімділік кезінде шығады.
Əлсіз пышылдаған дыбыс: бұл шу пайдаланылған контейнер түріне жəне контейнердегі тағам
мөлшеріне байланысты пайда болады.
Фондық шу: индукциялық пеш электрондық құрамдастарды суытуға арналған желдеткішпен
жабдықталған жəне сол
себепті жұмыс істеу барысында жəне плитаны өшіргеннен кейін желдеткіш шуы
естіледі. Белсенді дайындау аймақтарын күшейткен / азайтқан сайын, желдеткіштің фондық шуы артуы
немесе бəсеңдеуі мүмкін.
Бұл шарттар индукциялық жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін қалыпты жəне маңызды, олар ақаулық немесе
зақымның белгісі болып табылмайды.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына қоңырау шалу алдында:
1. «Ақаулықтарды шешу нұсқаулығында» берілген ұсыныстар көмегімен мəселені өздігіңізбен шеше
алатындығыңызды анықтаңыз.
2. Құрылғыны өшіріңіз жəне ақаулық шешілгендігін көру үшін оны қайта қосыңыз.
Жоғарыдағы тексерістерден кейін мəселе шешілмесе, жақын маңдағы Кепілдік бойынша қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Əрдайым келесілерді көрсетіңіз:
ақаулықтың қысқа сипаттамасы;
өнім түрі жəне нақты үлгісі;
Қызметтік нөмір (техникалық
төлқұжаттағы Қызмет сөзінен кейінгі нөмір), ол құрылғының астыңғы
жағында орналасқан (металл тақтада).
толық мекенжайыңыз;
телефон нөміріңіз.
Егер қандай да бір жөндеу жұмыстары қажет болса, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз (түпнұсқа зауыт-өндіруші бөліктерінің пайдаланылатынын жəне дұрыс жөндеу
жұмыстарының дұрыс орындалатынын қамтамасыз ету үшін). Зауыт-өндіруші бөліктері 10 жыл бойы
қолжетімді
.
ПЛИТА ШЫҒАРАТЫН ШУЛАР
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ