Instruction for Use

KK175
-8 жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі немесе
тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің бақылауында
болғанда ғана немесе қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне
ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана осы құрылғыны пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз
орындауға рұқсат бермеңіз.
- Пайдалану кезінде немесе пайдаланғаннан кейін құрылғының қыздыру
элементтерін ұстамаңыз. Барлық құрамдастар толығымен суымағанша
құрылғының маталармен немесе басқа жанғыш материалдармен жанасуын
болдырмаңыз.
- Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш материалдарды қоймаңыз.
- Қыздырылған майлар отқа оңай жанады. Майы мол тағам өнімдерін дайындау
кезінде аса назар аударыңыз.
- Бөлгіш панельді (құрылғымен бірге
ұсынылмайды) құрылғы астындағы бөлімге
орнату қажет.
- Құрылғының беті жарылған болса, электр тогының соғу ықтималдығын
болдырмау үшін құрылғыны өшіріңіз (тек беті əйнек құрылғылар үшін).
- Құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы
басқарылу үшін арналмаған.
- Тағамды плитада ыстық майға бақылаусыз дайындау қауіпті, əрі өрт тудыруы
мүмкін. Өртті судың көмегімен
ЕШҚАШАН сөндірмеңіз, тек құрылғыны өшіріп,
содан кейін қақпақ немесе өрт жабыны сияқты затпен жабыңыз. Өрт қаупі:
заттарды дайындау беттерінің үстінде сақтамаңыз.
- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
- Пышақтар, шаңышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл нысандарды
плитаның бетіне қоймау қажет, себебі олар қызуы мүмкін.
- Пайдаланғаннан кейін, плита элементін оның басқару элементі арқылы өшіріңіз
,
таба детекторына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғылар үшін).
Қаптаманы қоқысқа тастау
Қаптама материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне қайта өңдеу белгісімен () таңбаланған. Қаптаманың
түрлі бөліктерін қоршаған ортаға тастамау қажет, бірақ жергілікті ережелерге сəйкес тасталуы тиіс.
Қоқысқа тастау
Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық
директивасына сəйкес белгіленген.
Құрылғының қоқысқа тиісті түрде тасталуын қамтамасыз ете отыра, пайдаланушы қоршаған орта мен
адамдардың денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесе алады.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл өнім тұрмыстық қоқыс болып
есептелмеуі керек жəне WEEE қайта өңдеуге арналған сəйкес жинау пунктіне өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Оңтайлы нəтижелерге қол жеткізу үшін келесілерді орындау ұсынылады:
Түбінің өлшемі дайындау аймағымен бірдей кастрөлдер мен табаларды пайдаланыңыз.
Астыңғы жағы тегіс кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, дайындау кезінде кастрөлдің қақпағын жабыңыз.
Қуат пен дайындау уақытын анағұрлым үнемдеу үшін жылдам қайнатқышты пайдаланыңыз.
Кастрөлді плитада белгіленген дайындау аймағының ортасына
орналастырыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ