Instruction for Use

384
ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ
ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған кезде
төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:
ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ
НҰСҚАУЛАР
Бұл құрылғы жерге қосылуға тиіс. Дұрыс жұмыс
істемеген немесе бұзылған жағдайда, жерге
тұйықтау электр тоғы өтіп кететін қосымша сымды
қамтамасыз ету арқылы электр тоғы соғу қатерін
азайтады. Бұл құрылғы жерге тұйықтау ашасы
мен жерге тұйықтау сымы бар қуат сымымен
жарақталған.
Аша жергілікті стандарттар мен ережелердің
барлығына сай орнатылған жəне жерге
тұйықталған тиісті розеткаға жалғануға тиіс.
Ұзартқыш сымды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр
тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін.
Құрылғының жерге дұрыс тұйықталған-
тұйықталмағаны туралы күмəніңіз болса, білікті
электршіге немесе қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша
розеткаға дəл келмесе, оны өзгертпеңіз. Білікті
электрші маманға дұрыс желілік розетканы
орнаттырып алыңыз.
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
Аспапты орнатып болғаннан кейін оны электр
желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс.
Ыдыс жуғыш машинаның есігін немесе сөресін
қате пайдалануға, оған отыруға немесе үстіне
шығуға болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі барлық
панельдер орнында болмаса, оны іске қосуға
болмайды. Ыдыс жуғыш машина жұмыс істеп
тұрғанда, есікті өте абайлап ашыңыз, себебі
сыртқа су шашырау қатері бар.
Есігі ашық тұрғанда оның үстіне ауыр зат қоюға
немесе тұруға болмайды. Құрылғы алға қисаюы
мүмкін.
Жуылатын заттарды салған кезде:
1) Өткір заттарды есіктің тығыздағышын
бүлдірмейтіндей етіп орналастырыңыз;
2) Ескерту: Пышақтар жəне басқа да үшкір
заттарды ас құралдарына арналған себетке өткір
ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса
көлденең жатқыза салу қажет.
Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған кезде,
пластмассадан жасалған заттардың қыздырғыш
элементке тиюіне жол бермеу керек. (Бұл
нұсқаулық тек көрінетін қыздырғыш элементі бар
машиналарға қолданылады).
Ыдыс жуу циклы аяқталғаннан кейін жуғыш зат
салатын бөлімшенің бос екенін тексеріңіз.
Пластмассадан жасалған заттардың ыдыс жуғыш
машинаға жарамды деген немесе соған
баламалы таңбасы болмаса, оларды жумаңыз.
Ондай таңбасы жоқ пластмасса бұйымдардың
өндірушісінің ұсыныстамаларын қараңыз.
Тек автоматты ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш зат пен шайғыш үстемелерді қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға сабынды, кір жуғыш
ұнтақты немесе қол жуатын затты пайдалануға
болмайды. Осы заттарды балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
Тазартқыш жəне шайғыш заттарды балалардан
аулақ ұстаңыз, ыдыс жуғыш машинаның ашық
есігіне балаларды жолатпаңыз, ішінде жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар,
немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың
(соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалардың құрылғымен ойнамауын үнемі
қадағалап отыру керек.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар
аса сілтілі келеді, жұтып қойса, аса қатерлі болуы
мүмкін. Тері мен көзге тигізбеңіз жəне есігі ашық
тұрған кезде, балаларды ыдыс жуғыш машинаға
жолатпаңыз.
Есігін ашық қалдыруға болмайды, себебі бұл
сүрініп кету қатерін арттыруы мүмкін.
Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын
алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің
уəкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
Ескі ыдыс жуғыш машинаны қолданыстан
алғанда немесе тастағанда, жуғыш бөлімшесінің
есігін ағытып алыңыз.
Орауыш материалдардан дұрыс арылыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаны тек өзінің мақсатында
ғана пайдаланыңыз.
Орнату кезінде қуат сымын шектен тыс немесе
қатерлі түрде июге немесе жаншуға болмайды.
Басқару тетіктерін өз бетіңізбен ашпаңыз.
Құрылғыны су құбырына жаңа түтіктердің
көмегімен жалғау керек жəне ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Атаулы кернеу: АТ 220-240 В/ 50 Гц.
Жуылатын ас құралдары жинағының ең көп саны
– 10.
Құйылатын судың рұқсат етілетін ең үлкен қысымы
– 1 МПа.
Құйылатын судың рұқсат етілетін ең кіші қысымы –
0,04 МПа.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ОСЫ АҚПАРАТТЫ
ОҚЫҢЫЗ ДА, МҰҚИЯТ ОРЫНДАҢЫЗ
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:

Summary of content (28 pages)