Instruction for Use

393
Ұсыныстама
Ыдыс жуғыш машинаға жарамды ас құралдарын сатып алуға тырысыңыз.
“Ыдыс-аяққа жақсы” деп көрсетілген жұмсақ жуғыш заттарды қолданыңыз. Егер қажет болса,
жуғыш зат өндірушісінен қосымша ақпарат сұратыңыз.
Белгілі бір ыдыс түрлері үшін мүмкіндігінше төменірек температураны таңдаңыз.
Ыдысқа зақым келмес үшін, бағдарлама аяқталғаннан кейін шыны ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын ыдыс жуғыш машинадан дереу алмаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмендегі ас құралдарын/ыдыс-аяқты
Жууға болмайды
Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары
Отқа төзімді емес пластмасса заттар
Отқа төзімді емес бөліктері желімделіп құрастырылған ескі ас құралдары
Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ
Қалайы немесе мыс бұйымдар
• Хрусталь стақан
Тоттануға бейім болат бұйымдар
• Ағаш табақтар
Синтетикалық талшықтан жасалған заттар
Жууға жарамдылығы шектеулі
Шынының кейбір түрлері көп рет жуғаннан кейін көмескі тартуы мүмкін
Күміс жəне алюминий бөлшектер жуған кезде түсін өзгертуге бейім келеді
Алтын жалатылған ыдыс-аяқ ыдыс жуғыш машинада жиі жуылса əрі кетуі мүмкін
Ыдыс жуғыш машина себеттеріне ыдыс салардан бұрын немесе кейін назар аударыңыз
(Ыдыс жуғыш машина жақсы жұмыс істеуі үшін оған ыдыс салғанда төмендегі нұсқауларды
орындаңыз. Себеттер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы түрі сіздің
үлгіңізден өзгеше болуы мүмкін).
Қалған тағамның үлкен мөлшері болса, қырып тастаңыз. Кəстрөлдерде күйген тағамның
қалдықтарын жібітіңіз.
Ыдыс-аяқты ағын сумен шаюдың қажеті жоқ.
Ыдыс жуғыш машинаға заттарды төмендегіше салыңыз:
1. Шыныаяқ, стақан, кəстрөл/таба т.с.с. сияқты заттарды төңкеріп қойыңыз.
2. Дөңес немесе ойыс жерлері бар ыдыс-аяқтан су ағып кету үшін жантайтып қойыңыз.
3. Барлық ыдыс-аяқ аударылып кетпес үшін мықтап орналастыру керек.
4. Барлық ыдыс-аяқ жуу кезінде бүріккіш түтіктер еркін айнала алатындай етіп орналастырылады.
ЕСКЕРТПЕ: Тым ұсақ заттарды ыдыс жуғыш машинада жумау керек, себебі олар себеттен оңай
түсіп кетуі мүмкін.
Су жиналмау үшін кəстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты шұңғыл ыдыстардың
ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
Ас құралдары ыдыс-аяқтың ішінде, не олар бірінің үстінде бірі жатпауы керек.
Стакандар сынып кетпеуі үшін оларды бір-біріне тигізбеу керек.
Жуылуы барынша қиын үлкен заттарды астыңғы себетке салыңыз.
Үстіңгі себет стақан, кофе мен шай құятын шыныаяқтар сияқты нəзік əрі жеңіл ыдыс-аяқты
салуға арналған
Тігінен орналастырылған жүз ұзын пышақтар – қауіп-қатердің бірден бір көзі!
Ұзын жəне/не ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар тəрізді заттарды үстіңгі себетке
көлденеңінен орналастыру қажет.
Ыдыс жуғыш машинаға ыдысты шамадан тыс салмаңыз. Жақсы нəтижеге жету үшін жəне
қуатты үнемді тұтыну үшін мұның маңызы зор.
Ыдыс-аяқты алып шығу
Үстіңгі себеттен астыңғы себетке су тамшыламас үшін əуелі астыңғы себетті, содан кейін үстіңгі
себетті босатуды ұсынамыз.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ СЕБЕТІНЕ
ЫДЫСТЫ САЛУ